Қазақстан алдағы уақытта мұнай өңдеу үлесін арттыруға мүдделі ме?

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстан мұнай өңдеу үлесін арттыруға мүдделі ме? / Фото: ашық деректерден

2022 жылы мұнай өндіру 84,2 млн тоннаны, экспорт – 64,3 млн тоннаны құрады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов айтты.

“Оның 17,9 млн тоннасы ішкі нарық (АМӨЗ, ПМХЗ, ПҚОП, CaspiBitum) қажеттіліктеріне жұмсалды», – деді ведомство өкілі.

Қазіргі уақытта мұнай өңдеу қуатын жылына 27 млн тоннаға дейін ұлғайту жұмыстары басталды.
«Шымкент МӨЗ-інде өңделетін мұнай жылына 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға жетсе, Ал Павлодар МХЗ 2 кезеңде жылына 5,5 млн тоннадан 8 млн тоннаға мұнай өңдемек. CaspiBitum қуаттылығы жылына 1-ден 1,5 млн тоннаға дейін артады. Ал Атырау МӨЗ-нің мұнайды қайта өңдеу қуаттылығы жылына 0,7 – 1 млн тоннаға дейін жетеді»,- деп түсіндірді спикер.

Жобаларды іске асыру үшін жұмыс бірнеше бағытта қолға алынбақ. Бірінші,
мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту қазіргі жағдайдағы 75-80%-дан 87%-ге дейін, яғни ішкі нарықты жоғары сапалы жеңіл мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге, екінші, қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімдерінің өндірісіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз