Toyota 10 млн көлік сатып, рекордтық көрсеткішке жетті
Жапондық Toyota Motor Corp. 2023 жылы 10 млн 309,457 мың автокөлік сатты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,3%-ға жоғары, деп хабарлады компания The Japan Times басылымына.
Автоөндірушінің жылдық сатылымы алғаш рет 10 млн көліктен асты.
Соңғы қаржы жылында автомобиль өндірісі 9,2%-ға өсіп, 9,97 млн-ды құрады. Деректер Lexus брендін қамтиды. Бірақ бұл көрсеткішке Daihatsu Motor және Hino Motors сатылымдары қосылмаған.
Осы еншілес брендтерді ескере отырып, Toyota бір жылда 11 млн90,108 мың автокөлік сатты. Бұл да рекордтық көрсеткіш және өткен көрсеткішпен салыстырғанда 5% жоғары.
Еске сала кетсек, жапондық Toyota Motor Corp. компаниясының III тоқсандағы таза табысы 1,9 есе, кірісті 23%-ға артты. Бұл екі көрсеткіш те нарықтық болжамдардан жоғары болды.
Өндіруші ақпаратына сүйенсек, оның соңғы тоқсандағы таза пайдасы өткен қаржы жылының III тоқсанындағы 727,9 млрд иенмен салыстырғанда 1,36 трлн иенді (9,13 млрд доллар) құрады.
Компанияның тоқсан сайынғы кірісі Солтүстік Америка мен Еуропадағы сауда көлемінің өсуіне байланысты жақсарды. Атап айтқанда, бір жыл бұрынғы 9,75 трлн иеннен 12,04 трлн иенге дейін өсті.