Жаңалықтар

Маңғыстауда өрт қаупі жоғары болса, Ұлытауда үсік соғуы мүмкін. Қазгирдромет 14 өңір бойынша ауа райы болжамын ұсынды

Қазгирдромет 14 өңір бойынша ауа райы болжамын ұсынды/ kursiv.media

26 сәуір күні еліміздің әр өңірінің ауа райы да әр түрлі болмақ.

Ұлытау облысы

26 сәуірде түнде Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік жүруі мүмкін.

Жетісу облысы

26-28 сәуір аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтарда беткейлік ағындының қалыптасуы және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі күтіледі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.
Қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда, өзендердің жайылма аумақтарында орналасқан елдімекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталатыны ескертіледі.

Қарағанды мен Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні 15-20 м/с  жел соғады. Ақтөбеде де жел екпіні күшейеді. Абай облысында күндіз жел екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Жетісу облысы

26 сәуірде түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с. Талдықорған қ.: күндіз 26 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

26 сәуірде түнде және таңертең Қызылорда облысының шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 26 сәуірде жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы

26 сәуірде түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Алматы қаласында 26 сәуірде түнде және таңертең қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қаласында 26 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 25 м/с.

Шымкентте кей уақытта найзағай соғып, дауыл көтеріледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде өрт қаупі жоғары болуы мүмкін. Ал 26 сәуірдің түнінде және таңертең Атырау облысының батысында тұман түседі.