Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасында сутегі энергетикасын дамыту бойынша 2040 жылға дейінгі тұжырымдамасы жобасын әзірледі. Құжатта бірнеше пилоттық жоба ұсынылды.
Жобада сутегі энергетикасын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері қарастырылған.
Тұжырымдама бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында сутегіні өндіру және пайдалану үшін пилоттық жобаларды іске асыру, ғылыми әлеуетті дамыту, тиісті персоналмен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асады.
Сондай-ақ сутегі транспорты үшін қажетті инфрақұрылым, жанармай құю станциялары, сутегін электр қуатын өндіруге пайдалана отырып, жергілікті энергетикалық жүйелерде энергия сақтау құрылғысы ретінде өндіру және пайдалану үшін тәжірибелік алаңдар құрылады.
Сутегі энергетикасы саласында бірнеше басым пилоттық жоба жүзеге аспақ:
Сутегі автомобиль және теміржол көлігінің тәжірибелік үлгісін жасау;
Көмірқышқыл газы шығарындыларынсыз сутегі өндірісінің пилоттық қондырғыларын құруды және қолдануды қамтамасыз ету;
Электр энергиясын сутегі өндірісіне одан әрі бағыттау үшін жаңартылатын энергия көздерінің (жел, күн, ГЭС) жаңа қуаттарын құру;
Тау-кен өнеркәсібінде және шалғайдағы елді мекендерде, ауыл шаруашылығында, сондай-ақ ауыр жүк тау-кен машиналары үшін отын ретінде сутекті пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру.
Тұжырымдамада осы пилоттық жобаларды жүзеге асыратын ведмсвтолар белгіленген.
15 мамырға дейін «Ашық НҚА» порталында жобаны жария талқылауға ұсынылған.
Айта кетейік, Қазақстан көмірсутекті барлауға 7,4 трлн теңге тартылды.