Жаңалықтар

AltynGold Plc компаниясы 2023 жылы алтын өндіруді 2,7%-ға қысқартты

Компания 37 765 мың унция алтын сатты / Shutterstock

Шығыс Қазақстан облысында бағалы метал өндіретін AltynGold Plc тау-кен компаниясы 2023 жылғы есебін жариялады. Құжатқа сәйкес, былтыр ол 33 110 мың унция алтын өндірді.

2022 жылы компания 34 023 мың унция алтын өндірген. Осылайша былтыр көрсеткіш 2,7%-ға қысқарған.

Есепті кезеңде кен өндіру 701 мың тоннаны құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 33%-ға артық.

Компания 37 765 мың унция бағалы метал сатты. Ал бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5% төмен. Тауар айналымы бір жылда 64 млн долларға дейін өсті (2022 жылы: 62 млн доллар), 3,2%-ға өсті. Топ салыққа дейінгі 11,3 млн доллар (2022 жылы 13,2 доллар) мөлшерінде пайда тапты.

Түзетілген EBITDA (пайызға, салыққа дейінгі кіріс) 22,3 млн долларды (2022 жылы 21,9 млн доллар) құрады. Компания 16,6 млн доллар көлеміндегі қарыздарын өтеді (2022 жылы 15 млн доллар).

AltynGold компаниясының негізгі активтері – Шығыс Қазақстан облысындағы «Секисовское» және «Тереңсай» алтын кен орындары.

Аталған компания Қазақстан Республикасының аумағындағы ең ірі алтын өндірушілердің бірі, 1997 жылы құрылған. 

Қазақстан қор биржасындағы мәліметке сүйенсек, компанияның кеңсесі Ұлыбританияда орналасқан, атқарушы директоры Айдар Асаубаев (оның отбасы KazakhGold-тың бұрынғы иелері). 5,3%-ы Freedom Finance компаниясына тиесілі. Компанияның бағалы қағаздары Лондон қор биржасында саудаланады.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың І жартыжылдығында компания бағалы метал өндірісін 15%-ға төмендетті.