Қор нарығына шолу: Уолл-стрит жаңа раллидің басталуын күтіп отыр, әлемдік экономика бойынша болжам, Republic First Bank-тің сатылуы
Кейбір сарапшылар АҚШ-тағы акциялар ралииі мөлшерлеменің төмендеуінсіз қалпына келуі мүмкін екенін айтады. Ал Дүниежүзілік экономикалық форум президенті Бёрге Бренде жаһандық экономикаға жағымсыз болжам жасады. Осы және басқа да тақырыптар туралы әлемдік БАҚ-тың шолуынан таныс болыңыздар.
Акциялар раллиі тіпті мөлшерлем төмендемей-ақ қалпына келуі мүмкін
Bloomberg сарапшылар пікіріне сілтеме жасап, әлемдік экономиканың сенімді өсуі рекордтық ралли қайта қалпына келу үшін акцияларға айтарлықтай қолдау көрсетуі мүмкін екенін жазады. Уолл-стрит 1990 жылғы нарықтағы мөлшерлеме ағымдағы деңгейге жуық маңда болғанына қарамастан, акциялар үш есе өскен жағдайды мысалға келтіреді. Сол кезде сенімді экономикалық өрлеу қор нарықтарына өсу платформасын қамтамасыз еткен болатын. Қазіргі таңда жаһандық перспектива белгісіз болса да, акциялардың өсуі үшін жеткілікті импульс бар.
BMO Capital Markets талдауы 1991 мен 1998 жылдар аралығында жаңа ралли бастамас бұрын S&P 500 индексі бірнеше рет 5%-ға түскенін көрсетті. S&P 500 табыстылығы облигациялардың табыстылығымен реттеледі. 1990 жылдан S&P 500 индексі жыл сайын 15%-ға өсті, ал 10 жылдық трежерис 6%-дан сәл жоғары болды. S&P 500 индексі 7,7%-ға өскенде, облигациялар 4%-дан төмен болған.
Биылғы жылы әлемдік экономика АҚШ-тағы өсім мен Қытай экономикасының қалыпқа келуі арқасында нығайды. Жақында ХВҚ 2025 жылға арналған өсім мен еуроаймаққа қатысты болжамын жоғарылатты. АҚШ-тағы ағымдағы маусымдағы есептіліктің бірінші нәтижесі америкалық компаниялардың шамамен 81%-ы тіпті мөлшерлеменің артуы жағдайында сарапшылардың күткенінен де жоғары көрсеткіш көрсетті.
Bloomberg Intelligence жинаған мәліметтерге сәйкес, I тоқсандағы кіріс бір жыл бұрынғымен салыстырғанда, 4,7%-ға өседі. Ал сарапшылар өсім тек 3,8% болады деп күткен. Консенсус болжам S&P 500 табысы 2024 жылы 8%, 2025 жылы 14%-ға өсетінін көрсетіп отыр.
«Мұндай қарыз наполен соғынан бері көрген емеспіз»
Дүниежүзілік экономикалық форум президенті Бёрге Бренде егер «дұрыс экономикалық шаралар» қабылданбайтын болса, әлемге он жылдық төмендеу төніп тұр деп, жаһандық экономикаға жағымсыз болжам жасады. Ол бұл жайында жексенбі, 28 сәуір күні Сауд Арабиясында өткен арнайы жиында мәлім етті, деп жазады CNBC.
Дүниежүзілік экономикалық форум президенті бүгінгі күні әлемдік қарыз коэффиценті 1820 жылдан бері болмаған деңгейге жеткенін айтып отыр. Сондай-ақ экономикасы дамыған елдер үшін стагфляция қаупі бар екенін айтты.
«Биылғы жылы жаһандық өсу шамамен 3,2% болады. Бұл жаман көрсеткіш емес, алайда бұл біз үйренген деңгей емес, ондаған жылдар бойы өсім 4% болды. Кейбір ірі экономикада 70-ші жылдары байқалған баяулау қаупі бар», – деді Бренде.
Бренденің ескертуі таяуда жарияланған ХВҚ-ның есебіне сәйкес келеді. ХВҚ есебінде 2023 жылы жаһандық мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 93%-на дейін өскені және пандемияға дейінгі көрсеткіштен 9 пайыздық тармаққа жоғары екені айтылған. ХВҚ 2023 жылы жаһандық мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 100%-на жақындайтынын болжаған. Сондай-ақ қор Қытай мен АҚШ билігін әлемдік экономика проблемаларын күшейтетін қарыз деңгейінің жоғары болғаны үшін сынады.
Өткен аптада JPMorgan басшысы Джеймс Даймон The Wall Street Journal-ға берген сұхбатында қазіргі жағдайды экономикада тоқырау болған 70-ші жылдармен салыстырды. Оның болжамынша, әлемдік экономикадағы қиындықтар жоқ дегенде 2026 жылға дейін сақталады.
ЖИ үшін «бәйгеде» технологияны ауқымды жетілдіру дайындалып жатыр
2023 жыл бигтех үшін жасанды интеллектімен чат-боттар жылы болған болса, 2024 жыл осы технологияны дамытудың келесі кезеңіне дайындық жылы болады, деп жазады NYT. Бұл мақсатқа ондаған миллиард доллар жұмсалмақ. ЖИ-ді қолдау үшін өздерінің деректерді өңдеу орталықтарын тек жетекші компаниялар ғана жетілдіріп жатқан жоқ. Сонымен қатар бұл жарысқа көптеген ел білек сыбана кіріскен.
Өткен аптада Microsoft, Meta және Alphabet 2024 жылдың қаңтар-наурызының өзінде деректерді өңдеу орталықтарына 32 млрд доллардан артық ақша жұмсағандарын жария етті. Соңғы жылы чиптер саудасы екі өскен Nvidia жасанды интеллект саласында айқын жеңімпаз.
Сарапшылар қазіргі жағдай 90-шы жылдары көптеген ел банкрот болып, Microsoft және Oracle сияқты бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер ақшаны күреп тапқан доткомдар жағдайымен салыстырып отыр.
Republic First Bank-ті Fulton Financial сатып алды
АҚШ-тың қаржылық реттеушілері банкрот болған Republic First Bank-ті сақтап қалу үшін оны Fulton Financial-ке сатты. WSJ сатып алған кредитор Republic Bank-тің барлық міндеттемелері мен активтерін өз мойнына алатынын жазды. 2024 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша Republic Bank-тың жиынтық активтері шамамен 6 млрд доллар, депозиттері 4 млрд доллар, деп жазады Reuters.
Еске салар болсақ, Republic Bank 2023 жылдың соңында күйреп, инвесторлар тобымен келісім жасаған. Алайда 2024 жылдың ақпанында келісім тоқтатылды. Банк акциялары Nasdaq-тан 2023 жылдың тамызында шығып қалған, қазір биржадан тысы саудада сатылып жатыр.
Америкалық банктердің жаппай банкротқа ұшырауы 2023 жылдың наурызында басталған. Оған базалық мөлшерлеме өсіп, банктердің өткен жылдардағы қазынашылық облигацияларға салған салымдарының табысы төмендеп, депозиттерге қатысты қиындықтар туындағаны себеп болған. Ұсақ және орта банктер салымдар бойынша мөлшерлемені көтере алмады. Сонымен қатар көптеген ірі салымшы байбаламға бой ұрып, ақшаларын шешіп алған.
2023 жылдың наурызынан бастап Silicon Valley Bank, Silvergate, Signature Bank, Heartland Tri-State Bank және Citizens Bank жабылды. Өткен жылы сарапшылар көлемі жағынан 2008-2009 жылдардағы дағдарысқа тең келетін қаржылық дағдарыс басталатынын айтқан. Алайда бұл дүрбелең кейін басылды. Бірақ та 2024 жылдың ақпанында АҚШ жергілікті банктерінің акциялары күрт төмендеді. Наурызда ХВҚ жаңа банкрот болу қаупі жайлы, ал бұл АҚШ банк жүйесіне үлкен қауіп әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Қысқаша
Bloomberg ФРЖ 1 мамырдағы отырыста мөлшерлемені өзгертпеуі мүмкін екенін жазады.
Илон Маск жексенбі күні аяқ астынан Қытайға барды, деп хабарлайды Bloomberg. Tesla басшысы Full Self-Driving автопилотты іске қосу үшін реттеуші органдардан рұқсат алуға тырысуда. Жүйе Tesla-ны толығымен автономды автокөлікке айналдырмайды. Бірақ компания оны тұрақты пайдалану үшін 8000 долларға немесе ай сайынғы жазылым бойынша 99 долларға сатуды жоспарлап отыр.
Blackstone америкалық инвесткомпания Hipgnosis-ті сатып алу үшін жаңа өтінім беруге дайындалып жатыр, деп Sky News жазады. Келісім құны 1,51 млрд доллар болуы мүмкін. Hipgnosis көптеген әннің авторлық құқығына ие.