eGov mobile қосымшасының бұзылғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қауымдастығы eGov mobile қосымшасы мен сайтының бұзылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының сайтын бұзу және 1414 нөмірінен жаппай жалған тарату туралы ақпаратты жоққа шығарды», – делінген хабарламада.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде «1414-тен келген SMS-ті ашпаңыз» деген хабарламалар тарала бастаған.
Бұдан бөлек, eGoV mobile қосымшасының әлеуметтік желідегі парақшасында 1414-тен келген SMS хаттың жалған емес екендігі туралы жазылған.
«1414 нөмірінен келген хабарлама жалған емес. Бұл хабарлама eGov mobile-де тіркелмеген пайдаланушыларға жіберілді», – делінген хабарламада.
ЕGov mobile мобильді қосымшасы әртүрлі өмірлік жағдайларда, сауалнамаларды өту, сондай-ақ жаңалықтармен бөлісу үшін жеке SMS және push-хабарламаларын жіберетіні ескертілген.
Су тасқынынан зардап шеккендер алдағы уақытта мобильді қосымша арқылы өтінім бере алады. Бұл жайында Орталық коммуникация қызметі брифингінде ҚР Еңбекті қорғау және әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Мадияр Уақпаев хабарлады. Әзірше бұл қызмет түрі Ақмола облысында қолданысқа енеді.
«Су тасқыны болған аймқатардағы тұрғындар үшін «Электронды үкімет» мобильді қосымшасында өтінім беру тетігі іске қосылды», – деді Мадияр Уақпаев.