Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды

Жарияланды (жаңартылды )
Қазақстанда  «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі құрылды
Қазақстанда «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі құрылды/t.me/QR_Su_resurstari_ministrligi

Биылғы су тасқынына Қазақстан гирдрожүйесі төтеп бере алмады. Бөгеттер мен дамбалар бұзылды, автожолдарды су шайып кетті, тұрғындардың біразы баспанасыз қалды.

Қазақстанда  «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі құрылды. Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.

Жаңа мекеме жер асты суларының кен орындары мен учаскелерін, су жинағыш гидрогеологиялық ұңғымаларды толық есепке алады.

Соның нәтижесінде мемлекеттік меншікке енгізілген 4300-ден астам жер асты суы кен орындары мен учаскелерін қамтитын ауқымды деректер базасы құрылуға тиіс.

«Қазгидрогеология» жер асты сулары мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізе отырып, гидрогеологиялық саланы кешенді цифрландырумен айналысады.

Қазақстанның су тапшылығы бар өңірлерінде жер асты су ресурстарының көлемін ұлғайту үшін іздестірубарлау жұмысы жанданады.

Жер асты суларын іздестіру, барлау және гидрогеологиялық ұңғымаларды бұрғылау қызметін лицензиялау қолға алынады. Жылу энергетикасы, жылыжай және балық шаруашылықтарының қажеттілігі үшін жер асты суларының геотермалдық ресурстарын (баламалы энергия көзі) пайдалану бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізу жоспары  бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА-ның  кезекті ХХХІІІ сессиясында Су шаруашылығы саласын басқару жүйесі, оның ішінде «ҚазСуШар», «Нұра топтық су құбыры» сияқты компаниялар түгелдей қайта құрылатыны хабарлады.

Сәуір айында Сенат депутаты Серік Шайдаров Су ресурстары министрлігінің жұмысын сынап, елдегі гидротехникалық құрылыстардың 60 пайызы ескіргенін хабарлады.  

Сондай-ақ оқыңыз