Kaspi.kz Alipay+ серіктестікте бүкіл Қытай аумағында QR код арқылы төлеу қызметін іске қосты
Қытайға барған қазақстандықтарға енді қолма-қол ақша немесе картаны алып жүрудің қажеті жоқ. Бүкіл Қытай аумағындағы дүкендер, кафелер, такси және басқа да 80 миллионнан астам сауда, қызмет көрсету нүктелерде Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы QR кодпен төлеуге болады.
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе:
«Көптеген қазақстандықтар Қытайда жұмыс істейді, оқиды және демалады. Біз сүйікті тұтынушыларымыздан шетелде төлем жасау өз еліміздегідей оңай болса деген пікірді жиі аламыз. Сондықтан біз AliPay+ компаниясымен серіктестік орнатып, әрбір қазақстандық үшін жаңа қызметті іске қостық. Енді Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының көмегімен Қытайдың түкпір-түкпіріндегі сауда нүктелерінде кез келген тауар ақысын төлеуге болады. Біз серіктесіміз AliPay+ серіктестік үшін, ал сүйікті клиенттерімізге – бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамыз»!
Венеция Ли, Қытайдағы Ant International компаниясының бас директоры (Venetia Lee, Greater China General Manager of Ant International):
«Alipay + Kaspi.kz-ті пайдаланушылардың көбі үшін Қытайдың материк бөлігіндегі мобильді төлемдердің кедергісіз процесін қамтамасыз ету үшін, біздің тұңғыш және Қазақстандағы жетекші үздік Kaspi.kz қосымшасымен серіктестік орнатқанын қуана жариялайды. Бұл серіктестік Kaspi.kz-ті пайдаланушылар үшін саяхат пен сатып алу сапасын жақсартады. Біз саяхат, сауда және коммерция арқылы адамдар мен қауымдастықтарды жақындастыру үшін инновациялық технологияларымызды дамытуды, қызмет көрсету сапасын жақсартуды жалғастыра бермекпіз».
Сатып алған зат ақысын төлеу үшін Kaspi.kz қосымшасын ашып, AliPay+ қызметін таңдап, сатушыға QR кодты сканерлеуге мүмкіндік берсеңіз болғаны. Немесе сатушының QR кодын сканерлеуге болады.
Kaspi QR көмегімен Қытайда сатып алған зат ақысын қалай төлеуге болатыны туралы толығырақ Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Гид бөлімінен оқыңыз.