Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.
Авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейтуге сәйкес, нысан маңындағы алаңдарда, паркингтерде және жолаушылар терминалдарында қосымша тексеріс шаралары қабылданды.
Жолаушылар терминалдарына кіре берістегі 5 тексеру желісі іске қосылды. Бұл тыйым салынған заттардың тасымалдануына жол бермеу үшін жасалған.
«Авиациялық қауіпсіздік шараларын күшейту және азаматтық авиацияның әуе көлігі инфрақұрылымының авиациялық қауіпсіздік жағдайын бағалаумен байланысты. Бұл іс-шаралар заңсыз араласу актілерін болдырмау үшін әуежайлардың пайдалану қызметтерінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын және қауіпсіздік деңгейін анықтау мақсатында жыл сайын жоспарлы түрде жүргізіледі», – деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.
Осыған байланысты жолаушылар тексеру және тіркеу рәсімдерінен уақытылы өту үшін әуежайларға ертерек келуі керек.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы әуежайы жаңа терминалының құрылысына 200 млн доллар жұмсалғаны белгілі болды.