Жаңалықтар

Банктер автонесие рәсімдеу кезінде борыштық жүктеме коэффициентін есептемейді

Борыштық жүктеме коэффициентін есептемеу отандық көлік саудасын арттыра ма? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

«Ашық НҚА» порталында қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы Ұлттық банктің № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы құжат жарияланды.

Жоба мерзімді төлемдер уақытын ұлғайтуға әкелетін несиелерді қайта құрылымдау кезінде мерзімі өткен берешегі бар қарыз алушылардың борыштық коэффициентін есептеу талабын жою мақсатында әзірленген.

«Бұл отандық автомобиль өнеркәсібін дамытуды қолдау және ынталандыру мақсатында, сондай-ақ жеңілдетілген автонесие шартымен сатылатын автокөліктерді сату мақсатында қолға алынған», – деп жазылған қоғамдық талқылауға шығарылған құжаттарда.

Құжатта банктің қарыз алушыға несие рәсімдеу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін талаптар бар.

Талаптар 2024 жылғы 1 сәуірден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жаңа автокөлік сатып алу үшін берілетін, осы автокөліктің кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарға қолданылмайды.

Бұл ретте құжатта пайдаланылған көліктерге өтімділік коэффициентін қолдану қарастырылған. Қолданыстағы стандарттар автокөлік кепілімен қамтамасыз етілген микрокредиттер бойынша берешек коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының несие бойынша ай сайынғы төлемінің мөлшерін берешек сомасының өтеуге қатынасы (негізгі қарыз сомасы және одан кейін есептелген пайыздар) ретінде қарастырады.

Сонымен қатар қарыз алушының автокөлік құралының кепілімен қамтамасыз етілген кредиттер бойынша борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу кезінде қарыз алушының кредит бойынша ай сайынғы төлемінің мөлшері автокөлік құралы түріндегі кепіл құнына азайтылады. Бұл өтімділік коэффициентіне түзетілген өтелуге тиіс берешек сомасының (негізгі борыш сомасынан және кредиттің бүкіл кезеңі үшін есептелетін сыйақыдан тұратын) берілетін кредиттің айлармен көрсетілген мерзіміне 0,7-ге тең қамтамасыз ету құнына қатынасы ретінде айқындалады.

Құжат 15 мамырға дейін талқыланады. Қаулы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Еске сала кетсек, 2027 жылы Қазақстандағы көліктердің тең жартысы шағын торапты жинақ әдісімен құрастырылмақ. Бұл туралы Kursiv.kz редакциясының сауалында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің берген жауабында жазылған.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, 2023 жылдың 11 айында республикада 124,4 мың бірлік жеңіл автокөлік шығарылды. Оның ішінде шағын торапты жинақ (CKD) әдісімен өндірілгені 11,3 мың бірлік. Бұл ретте министрлік мұндай көліктердің үлесін арттыруға ниетті.