Әлемдік экономикаға шолу: Азия елдерінде инфляция төмендеп, Жапония интервенция жасады

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Жапония валютасы нығайды / Фото: Kyodo. Mandatory credit Kyodo via REUTERS

Азия елдерінде инфляция төмендеді. Бұл аймақ экономикасына жағымды ықпал етеді, деп хабарлады Халықаралық валюта қоры. Ал АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме жоғары деңгейде қалады. Әлемдік экономикадағы осы және өзге де жаңалықтар КУРСИВ шолуында.

АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі негізгі пайыздық мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап тұрады

Гарвард университетінің профессоры Кеннет Рогофф ФРЖ базалық мөлшерлемені біршама уақыт бойы жоғары деңгейде ұстап тұрады деп санайды.  Оның пікірінше, егер АҚШ билігі ақша-несие саясатына араласып, ФРЖ-ға монетарлық шарттарды жұмсарту үшін қысым жасаса, қаржы нарықтары оларға шектеулер қояды деп санайды.

«Егер ФРЖ тәуелсіздігі шектелсе, бұл инвесторлар алаңдаушылығын тудырады. Салдарынан инфляциялық болжам өсіп, доллар құлдырайды», – деді Рогофф Bloomberg агенттігіне.

Жапония валюталық интервенция жасады ма?

Долларға қатысты иеннің бағамы күрт өсті. Осылайша бағам 1 доллар үшін 160-тан 155 иенге дейін өзгерді. FOX Business сұхбат берген сарапшылардың пікірінше, бұл валюталық интервенцияның айқын көрінісі. Мұны басылымның нарықтағы дереккөздері де растады.

«Иеннің 160-тан 155-ке дейінгі нығаюы ресми араласуды көрсетеді. Валютаның нығаюы үшін еш себеп болған жоқ, өйткені мереке күндері өтімділік төмендейді», – дейді сарапшылар.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың басынан бері иенаның долларға шаққандағы бағамы 11%-ға құлдырады. Тіпті елдің орталық банкінің теріс мөлшерлемелерді қабылдаудан бас тартуы да ұлттық валютаны нығайта алмады.

ХВҚ: Азия нарығында оң өзгеріс күтілуде

Халықаралық валюта қорының хабарлауынша, Азия аймағы елдерінде инфляция төмендеп, бұл монетарлық саясатты «жұмсартуға» мүмкіндік беріп отыр.

«Алдағы екі жылда экономикалық даму баяулайды деп болжанса да, олардың орталық банктеріне ФРЖ-дан тәуелсіз әрекет етуге мүмкіндік береді. Реттеуші органдар ішкі жағдайларға көбірек назар аудара алады», – деп хабарлады ХВҚ.

ХВҚ Азия аймағындағы өсім 2023 жылғы 5%-дан 2024 жылы 4,5%-ға дейін баяулайды деп болжайды. Ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 4,3%-ға дейін төмендейді, бірақ қысқа мерзімді тәуекелдер «жалпы теңгерімде болады», – дейді сарапшылар.

Қытайдағы құрылымдық құлдырау, оның ішінде жылжымайтын мүлік секторындағы жағдай негізгі фактор болып қала береді.

Аймақ экономикасына Таяу Шығыс пен Украинадағы қақтығыстардан туындаған шикізат бағасының құлдырауы да ықпал етеді.

Еске сала кетсек, жыл басында ФРЖ-ның ақша-несие саясатындағы сақтық ұстанымы АҚШ қор нарығына кері әсер етті.

Сондай-ақ оқыңыз