ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты жаңа жол белгілерін әзірледі. Өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушысына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Құжатта жол жүрісі қағидаларына мынадай мәселелерді көздейтін бірқатар түзетулер енгізілген:
- «үзіксіз тұтас бір сызықты» кесіп өткені үшін жауапкершілік өзгерді;
- елдімекенде автобустардың жылдамдығы сағатына 50 км-ге дейін төмендеді;
- М3 (автобустар) санатындағы барлық көлік құралы үшін маршруттық көлік құралдарына арналған жолақта қозғалуына болады;
- тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдардың үшінші тобына жол инфрақұрылымына қол жеткізуге рұқсат беру.
Бұрын мүгедектігі бар адам деген танымдық белгісін көлік құралына тек 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адам орналастыра алатын. Енді мұндай белгіні тірек-қимыл аппараты бұзылған 3 топтағы мүгедектігі бар адамдар да пайдалана алады.
Жаңа жол белгілеріне тоқталсақ:
Жаңа жол белгілері: 3.9.1. «Электросамокат жүрісіне тыйым салынады», 5.8.6а – 5.8.6в «Параллель жатқан жол бөлігіне өту», 5.8.6г, 5.8.6д «Параллель жол бөлігінің соңы», 5.16.3 «Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі» және т. б.;
Сонымен қатар мынадай жаңа белгі тақталары қосылады:
- 7.4.8а «Электромобиль»;
- 7.4.8б «Электросамокат»;
- 7.4.8в «Маршруттық көлік құралының түрі»;
- 7.4.8г «Туристер автобусы»;
- 5.15 «Тұрақ орны» белгісі туристер автобусын қоюға және туристерді отырғызуға (түсіруге) арналған орынды көрсетеді;
- 7.4.9–7.4.16 «Көлiк құралының басқа түрi» белгiде қамтылмаған көлiк құралының түрiн көрсетеді.
Бұған дейін 30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылаған еді.