Түркия Еуропа одағына ұлттық кебабын қорғауға алу туралы өтініш білдірді
Германиядағы ең танымал көше тағамдарының бірі – түрік кебабына Еуропалық одақтың әлеуметтік қорғау белгісі берілуі мүмкін. Бұл таңғалатын жағдай емес. Өйткені неополитан пиццасы және испаниялық хамон серрано (шошқа етінен жасалған тағам) сияқты бірқатар ас Еуропа одағының қорғауында.
Біздің елде «дөнер» деп танылып кеткен түріктің «дөнер кебабы» түрік тіліндегі dönmek етістігінен шыққан. Аудару деген мағына береді. Еуропалықтар оны «кебаб» дейді. Жалпы араб елдері шоққа піскен кез келген етті кебаб деп атайды.
Енді Түркия мемлекеті Еуропада да «дөнер» терминін тіркеуге алуға кірісіп жатыр. Олар осы атауды қалыптасқан және рұқсат берілген дайындау әдісі мен талаптарына сай жасайтын мейрамханалардың өнімдеріне қатысты пайдалануын талап етіп отыр. Өтініш қабылданса, «дөнер» дайындау үшін сиыр не қой етін қалыңдығы 3-5 мм болатындай етіп, жапыраққа ұқсатып көлденең кесу, ал тауық етінің қалыңдығы 1-2 см болуын қадағалау керек болады.
Еуропадағы түрік дөнерін дайындаушылар қауымдастығының мәліметінше, Еуропадағы «дөнер» экономикасы шамамен 3,5 млрд еуроға тең. Аймаққа аталған ас 1996-шы жылдары келген.
Дәстүрлі тағам Еуропа одағында қорғалған сапасымен ассоциацияланса да, географиялық нұсқаулықтар қатарына енгізілмеген. Ал географиялық нұсқаулық қатарына енгізілу Еуропада тағамдарды қорғау бойынша ең жоғарғы интеллектуал деңгейді білдіреді.
Жоғары қорғау географиялық аймаққа байланысы бар тағамдарға қатысты. Ал дайындалу технологиясына қатысты талаптар ол қорғау түріне жатпайды. Мәселен, жоғарыда атап өткен хамон серрамо тек «қорғалған» деген статусқа ие. Ал парма еті географиялық нұсқаулыққа енгізілген.
«Дөнер» атауы мен дайындалу технологиясына қатысты өтініш Эгей теңізінің арғы жағындағы көршілердің наразылығын тудыруы мүмкін деген болжам бар. Өйткені «дөнер» Еуропада ең алғаш Грекия мемлекетінде таныстырылған. 1922 жылы Түркия мен Грекия арасындағы жұмыс күшінің ауысуы кезінде дәстүрлі тағам да кеңінен таралып үлгерген. Оны гректер «гиро» деп атапты.
Осы мәселе бойынша кеңес алу кезеңі басталды. Ол үш айға созылып, мемлекеттер тіркеуге қатысты өз пікірін білдіріп, интеллектуал меншікке қатысты сұрақтарын қоя алады.