Қазақстанда үй жануарларын пойызбен алып жүруге болады
«Жолаушылар теміржолы» пойыздарда жануарларды тасымалдау ережелерін бекітті. Бір адам алып жүретін үй жануарларының саны екеуден аспауы керек және оның иесі бір купені толық сатып алуы қажет.
Компания үй жануарлары қатарына мысықтар, иттер мен құстарды жатқызатынын жазған. Оларды пойызбен тасымалдау тиісті ветеринариялық паспорттар немесе анықтамалар болған кезде ғана рұқсат етіледі. Анықтамаларды міндетті түрде пойызға отырғызу кезінде көрсету керек.
Басқа жолаушыларға қолайлы болу үшін және аллергиялық реакцияларды болдырмауын қамтамасыз ету үшін үй жануарының иесі толығымен купенің барлық орынын сатып алу қажет. Жануарларды иесінсіз пойызға кіргізуге рұқсат етілмейді.
Бұдан бөлек, үй жануарларын тасымалдау кезінде олар үшін тек иелері жауап беретінін ескертеді. Яғни оларды тамақтандыру, олардың артын тазалау компанияның міндетіне кірмейді. Оларды вагон-мейрамханаларға алып кіруге болмайды. Жолаушылар мен пойыз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды тасымалдауға болмайды.
«Үлкен иттерге тұмылдырық пен қарғыбау кигізу міндеттеледі. Үлкен итпен саяхаттау кезінде оның салмағы бойынша есептелген багаж тарифі қолданылады. Ірі иттер тек бірінші вагонның жұмыс істемейтін тамбурына орналастырылады. Үй жануарларының иесі оны алып жүруге және сапар кезінде қауіпсіздікке толық жауап береді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, зағип иесімен бірге жүретін бағыттаушы ит вагонның кез келген түрінде болуы мүмкін. Ол үшін қосымша ақы алынбайды.
«Қазақстан теміржолы» компаниясы сұраныстың жоғары болуына байланысты «Астана-Қостанай» Тальго пойызының бағытын Ақтөбеге дейін ұзартады.
«Жолаушылар тасымалы» халық тарапынан келіп түсетін сұраныстың артуына байланысты және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, биыл 10 маусымынан бастап №81/82 «Астана-Қостанай» Тальго жедел пойызының Ақтөбе станциясына дейінгі маршрутын кеңейту туралы шешім қабылдады»,– делінген хабарламада.
Айта кетейік, енді №81/82 пойыздың жүру бағытында Астана, Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Қостанай, Хромтау, Әйтеке би, Никельтау, Ақтөбе сынды негізгі станциялар болады.
29 сәуірден бастап Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға дейін және кері бағытта жолаушылар пойызы қатынайтын болады.
«Қазақстан Теміржолы» компаниясының ақпаратына сүйенсек, «ҚТЖ» мен «Жолаушылар тасымалы» басшылары, Сиань қаласы үкіметінің делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселелерін талқылаған.