Жаңалықтар

Коcтенко шахтасында ақау дер кезінде жойылып, жұмысшылар өрттен аман қалды

Шахта
Шахта жұмысшылары аман қалды/Фото: «АрселорМиттал Теміртау»

Қарағандыда Костенко атындағы шахтада К3 қабатының 4-конвейер кен орнынада түтін шықты. Бірақ шахтада ақау дер кезінде жойылып, жұмысшылар өрттен аман қалды.

ТЖМ хабарлауынша, конвейер трассасының электр монтері Айбар Қосанов алғашқы өрт сөндіру құралдарының көмегімен ұшқынды жойды. Шахтер оқиға туралы хабарлаған кезде басқару бөлмесіне бықси бастаған түтін cебебінен қосылған дабыл да естілді. Сағат 19:45-те датчиктің белгі беруіне байланысты қауіптің уақытында беті қайтқанына қарамастан, басқа шахталардағы 194 кеншіні көшіру туралы шешім қабылданды. Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша 187 кенші жер бетіне шығарылды. Оқиғаны бақылау, шахтаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін учаске басшылары мен бақылаушыларынан 7 жұмысшы орнында қалды.

Алдын ала себеп бойынша төменгі тордың ролигіне бөгде зат түскені анықталды. Содан ролик тоқтаған. Осының салдарынан конвейер таспасында түтін пайда болған.

Қаперге салайық, 2023 жылы Костенко шахтасында ірі апат болды. Өрт шығып, 46 кенші опат болды. Костенко – «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі кен орны.