Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі азаматтарына Ресейге барудан уақытша бас тартуды ұсынды

Жарияланды (жаңартылды )
мид
Фото: Қырғызстан СІМ

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі азаматтарына Ресейге барудан уақытша бас тартуды ұсынды.

Аталған министрлік Қырғызстан Республикасының Ресей Федерациясындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне ҚР азаматтарының Ресей Федерациясына кіруден жаппай бас тартқанына байланысты хабарламалар түспегенін мәлімдеді.

«Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі мекемелері Ресей Федерациясындағы ахуалды және оның Қырғыз Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайына әсерін бақылауда.

Сонымен бірге министрлік Ресей Федерациясына баруға дәлелді себептері жоқ отандастарға бұрын енгізілген қосымша қауіпсіздік шаралары мен мемлекеттік шекара арқылы кіруді бақылау режимі күшейтілгенге дейін оның аумағына барудан уақытша бас тартуды тағы да ұсынады. Ал егер бару керек болса, Ресей Федерациясына  кіруге шектеулердің бар-жоғын алдын ала тексеріңіз», – делінген ҚР СІМ сайтында.

Сәуір айының аяғында Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына уақытша бас тартуға кеңес берді. Мәскеу әуежайларында мыңдаған Тәжікстан азаматының кідіруіне тура келді. Осы елдің жеті тұрғынын жер аударып жіберді. Ресейдің СІМ өкілі М. Захарова қай елдің азаматы болғанына қарамастан, шекарадан өтіп жатқандарды тексеріп жатқандарын мәлім етті.

Сондай-ақ оқыңыз