Қазақстандықтар қандай жылжымайтын мүлікке ақша салуға дайын

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
"Жылжымайтын мүлік" бөлімінің редакторы
Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікке инвестиция салуға дайын ба/shutterstock

Қазақстандықтардың ең танымал үш инвестициялық стратегиясының бірі – жылжымайтын мүлік сатып алу. Көбі өзіне жақын мегаполистен пәтер сатып алып, оны жалдап, жылына жоқ дегенде 25% табыс тапқысы келеді. Мұны United Research Technologies Group жүргізген зерттеу нәтижесінен көруге болады.

2024 жылдың көктемінде United Research Technologies Group зерттеуі кезінде сауалнамаға қатысқан 1600 адамның әр үшіншісі ақшаны жылжымайтын мүлікке салған сенімді екенін айтқан. Алайда осы жылжымайтын мүлікке салатын ақша сауалнамаға қатысқанның тек жартысында ғана (41,1%) бар. Ал сол ақшасы бар адамдардың тек әр тоғызыншысы ғана жылжымайтын мүлікке ақша салып, пайда көргісі келеді. Жылжымайтын мүлік сатып алып, оны жалға беріп, табыс табу – ақшаны сақтаудың көпке танымал үш түрінің бірі ғана. Бірінші орында (88,1%) – банк депозиттері, екінші орында (36,1%) – ақшаны үйде сақтау тұр.

Жылжымайтын мүлікке инвестиция салуды қарастыратындардың 83%-ын үй сатып алу қызықтырады. Әлеуетті сатып алушылардың тек 17 пайызы ғана кеңсе, дүкен және басқа да коммерциялық мүлік сатып алуға ақша салығысы келеді.

Алысқа бармай-ақ жақын жерден пайда табу

Шетелдік жылжымайтын мүлікке инвестиция салғысы келетін қазақстандықтарға қарағанда, отандық жылжымайтын мүлікке қаражат салуды қарастырып жүргендер төрт есе көп. Қазақстанда жылжымайтын мүлік сатып алуда  ең танымал жер –мегаполистер.

Елдің барлық өңірінен сауалнамаға қатысқандардың тең жартысы (45,5%) Астанадан үй алғысы келетінін айтқан. Елордадан үй сатып алуға қызығушылық танытып отырғандардың басым бөлігі – осы қала тұрғындары. Яғни сауалнамаға қатысқан бас қала тұрғындарының 80,4%-ы. Сондай-ақ Абай (65,5%) және Ақмола облысының (64,2%) тұрғындары Астанада үйлі болғысы келеді.  

Сауалнамаға қатысқандардың 41,8%-ы Алматыдан үй сатып алғысы келетіндер. Бірінші кезекте алматылықтардың өздері оңтүстік астанада баспаналы болғысы келеді. Сонымен қатар Алматының жанындағы Алматы (66,7%) және Жетісу (63,3%) облыстарының тұрғындары Алматыдан жылжымайтын мүлік алуға қызығушылық танытып отыр.

Тағы бір мегополис – Шымкенттен үй сатып алғысы келетіндер сауаланамаға қатысқандардың 12,6%-ы. Сұраныста бірінші шымкенттіктер (Шымкенттен сауалнамаға қатысқандардың 72,3%-ы), сосын Түркістан және Ұлытау облысының тұрғындары тұр.

Елдегі жылжымайтын мүлікке инвестиция салғысы келетіндер жалға беріп немесе үйдің бағасы өскенде, қайта сатып ақша таппақшы. Осы айтылған екі мақсаттың біреуін немесе екеуін респонденттердің үштен бірі таңдаған.  

Шетелден баспана алу

Басқа елдегі жылжымайтын мүлікке қаржы салуда танымал елдер үштігіне Түркия, Еуропа және БАӘ кірген.

Сауалнамаға қатысқан 1600 қазақстандықтың үштен бірінен астамы Түркиядағы баспанаға инвестиция салмақ ойы бар. Оның өзінде мүмкіндігі болса. Тағы үштен бір бөлігі Еуропа елдерінің бірін таңдап отыр. URTG сауалнамасының деректері бойынша көшбастап тұрған еуропалық елдер – Франция (10%), Италия (9,7%) және Испания (9,6%). Ал респонденттердің 27,3 %-ының таңдауы БАӘ болған. Қазақстандықтардың 9,8 %-ы жылжымайтын мүлікке инвестиция салу үшін Таиланд пен Кипрді таңдаған.

Шетелдік баспананы жалға беріп пайда тапқысы келетіндер елдегі баспананы жалға беретіндер санынан екі есе аз. Шетелден жылжымайтын мүлік сатып алудағы басты мақсат – қолда бар ақшаны сақтап қалу. Алдағы уақытта баға көтерілуі мүмкін деген ой.

Әрбір үшінші адам инвестициясынан жылына теңгемен 25%-дан астам пайда көргісі келеді.

Тағы үштен бір бөлігі жылына 15-25% инвестициялық кіріске келіседі. Респонденттердің 14,4%-ы өз инвестицияларынан жылына орташа есеппен 10-15% алуға дайын. Ал 10%-дан төмен кірістілікке тек әрбір оныншы респонденттің көңілінен шықты.

Сондай-ақ оқыңыз