Apple тауарларының сатылымы жыл басынан бері 4% кеміген
Apple компаниясы тауарларының сатылымы жыл басынан бері рекордты 4% кеміп, тоқсандық табыс 90,8 млрд долларға дейін азайған.
BBC басылымының хабарлауынша, компания бір жылдан астам уақыт ішінде сатылымның ең үлкен құлдырауы туралы хабарлағаннан кейін Apple басшысы Тим Кук технологиялық алпауыттың болашағы туралы күмәнді ойларды сейілтуге тырысып бағуда.
Басшылықтың түсіндіруінше, компания табысы соңғы бірнеше жылда Covid-19 кейінгі ашықтық әсерінен өскен. Алайда ол кезең өткеннен кейін құлдырау басталған. Дегенмен компания мұны құлдырау емес, жағдайдың қалыпқа келуі деп түсіндіріп отыр.
Олар алдағы уақытта сатылымның қайта өсетініне сенімді. Алда жаңа өнімдер мен жасанды интеллектке инвестициялар болатынына сенімді. Компания болашағына деген сенімін білдіре отырып, акцияларды кері сатып алуға 110 млрд доллар бөлетінін айтты. Бұл жаңалық бағасы 6% төмендеген акцияларға серпін беріп, сұранысты арттыруға көмектесті.
Apple басты өнімі iPhone осы тоқсандағы сатылымы 10% астам төмендеген. Ал компания үшін әлдеқайда маңызда қытай нарығында құлдырау 8% құрады.
Осыған дейін ресми Бейжің Apple Inc. компаниясынан Қытайда бірқатар танымал қосымшаны алып тастауды талап еткен. 19 сәуір компания Meta Platforms Inc., WhatsApp және Threads қызметтерін App Store дүкенінен алып тастады. Сондай-ақ Signal, Telegram және Line мессенджерлері де өшірілді.
2023 жылы Apple акциялары Қытайдың мемлекеттік компанияларға iPhone телефондарын ұстауға тыйым салу жоспарына байланысты 5,1%-ға құлдырады.