Бірнеше өңірден кәсіпкерлер үшін электр энергиясының тарифі төмендейтіні хабарланды
Астанада заңды тұлғалар үшін электр энергиясы тарифі 1 кВт/сағатына 38,35 теңгеден 31,45 теңгеге дейін, яғни 18%-ға төмендетілді. Бұл туралы «Астанаэнергосбыт» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады.
Жаңа тариф 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тарифті төмендету туралы шешім ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын тоқтатқаннан кейін қабылданды.
«Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге («Астанаэнергосбыт» ЖШС) ауысуы болды. Бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті», – деп хабарлады комитетте.
Сонымен қатар Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғалары үшін электр энергиясына тарифті 42,23 теңгеден 37,00 теңге/кВтсағ-қа дейін яғни 12,4%-ға төмендету төмендету туралы өтініш жолданған. Өтінішті «Энергопоток» ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жіберген.
Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалпы облыс бойынша 32 000-дан астам заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлер тариф төмендетіледі.
Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК-ның аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болған.
Еске сала кетейік, бұл жұмыс Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілді.
Еске сала кетсек, 2023 жылғы 1 маусымнан еліміздің кейбір аймақтарында электр энергиясының тарифі көтеріледі. Еліміздегі 47 энергия өндіруші ұйымның 27-сі шекті тарифті түзетуге өтінім берген. Соның ішінде 20 энергия өндіруші ұйымның тарифі бұрынғы деңгейде сақталады, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.