Қазақстанда қандай жағдайда зейнетақы төлемдеріне салық салынбайды – Олжас Бектенов сенаторлардың сауалына жауап берді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Үкімет есебі бойынша ЖТС бойынша бюджет шығындарының сомасы 4,1 млрд теңгені құрайды./ Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері табыс салығынан босатылады. Бұл туралы Премьер-Министр Олжас Бектеновтің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.

Үкімет басшысының жауабындағы мәліметке сүйенсек, салықтан екі жағдайда босатылмайды. Егер азаматтар ҚР-нан тыс жерлерге шықса және және төлемдер мұрагерлік жолмен берілген жағдайда салықтан босатылмайды.  

Қазіргі уақытта ҚР Салық кодексінде Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдеріне кіріс деп танумен 10% жеке табыс салығы (ЖТС) салынады. Үкімет мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, бұл төлемдерді жеке табыс салығынан босату арқылы тәсілдемені өзгерту туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

«Мәселенің әлеуметтік маңыздылығын, сондай-ақ шегерімдер мен жеңілдіктер бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жеке табыс салығы бойынша шығындар сомасын төлеуден босату ұсынылады», – деп жауап береді Олжас Бектенов.

Үкіметтің есебі бойынша жеке табыс салығы бойынша бюджет шығындарының сомасы 4,1 млрд теңгені құрайды. 

Айта кетейік бұған дейін Үкіметтің қазіргі салық жеңілдіктерін 25 пайызға қысқартатыны туралы хабарлаған едік. Үкімет басшысының жауабында Салық кодексінде 478 жеңілдік анықталғаны, енді оның 25 пайызы, яғни 101-і қысқартылатыны жазылған. Осы жеңілдіктердің есебінен бюджетке 9,5 трлн теңге түспеген.

«Алып тастауға ұсынылатын жеңілдіктердің ішінде басым бөлігін қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер құрайды. Осылайша, ҚҚС бойынша 736,7 млрд теңге сомасына 34 жеңілдікті алып тастау ұсынылады», – делінген хабарламада.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев те бизнеске берілетін салық жеңілдігін қайта қаралатынын айтқан еді. Министр жаңа Салық кодексі жобасында жеңілдіктерге арналған жеке бөлім енгізуді жоспарлап отырғанын айтты. Содан кейін Қаржы министрлігі салық жеңілдігін ала алатын тұлғалар тізімін жасамақ.

Сондай-ақ оқыңыз