«Казхром» трансұлттық компаниясы швейцариялық Тelf AG-мен жасалған мәмілеге өзгеріс енгізді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
 Тelf AG
Фото: shutterstock.com

«Казхром» трансұлттық компаниясы швейцариялық Тelf AG компаниямен жасалған ірі мәмілеге өзгеріс енгізді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолданған хабарламада жазылған.

Акционерлердің жалпы жиналысында «Казхромның» Тelf AG компаниясымен жасалған ірі келісім-шартына толықтыру енгізу туралы шешім шығарылған. Алайда қандай өзгеріс енгізілетіні нақтыланбаған.

«Қазхром» компаниясы АҚ Тelf AG швейцариялық компаниясымен 2023 жылдың қыркүйегінде ірі мәміле жасағаны хабарланған болатын. Келісімнің мөлшері «Қазхромның» меншікті капиталының 25% немесе одан көп пайызын құраған. Компанияның 2023 жылғы 1 шілдедегі меншікті капиталы 357 млрд теңгеге тең болғанда, мәміле сомасы кемінде 89 млрд теңгені құрауы мүмкін екені жазылды.

Telf AG Қазақстанда және ТМД-ның басқа елдерінде өндірілетін мұнай және мұнай өнімдерінің саудасына маманданған. Осы уақыт ішінде ТМД және Шығыс Еуропа елдерінде өзінің логистикалық желісін дамытып келеді.

«Қазхром» 1995 жылы 20 қазанда тіркелген. Қаржы есебіне сәйкес, «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның тікелей бас компаниясы – Нидерландыда тіркелген KCR International B.V. Ал түпкі компаниясы – Eurasian Resources Group S.à r.l. ( «ERG») Люксембургте тіркелген. ERG-дің түпкі иелері: ҚР Қаржы министрлігі – 40%, Александр Машкевич және Ибрагимовтар отбасы – 20,7%, Патох Чодиев –18,6% пайыз акциясына иелік етеді.

Топтың негізгі қызметіне хром және марганец рудасын өндіру, хром рудасын сату, ферроқорытпаларды өндіру мен сату кіреді. Топтың өндірістік активтері Қазақстан Республикасында орналасқан. Оның құрамында Дөң тау-кен байыту комбинаты және «Ақжар-хром» компаниясы бар.

Сондай-ақ оқыңыз