Қазақстанда мектепке қабылдау ережелері өзгерді

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстанда мектепке қабылдау ережелері өзгерді: / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

Қазақстанда мектепке қабылдау кезінде ескерілетін халықтың әлеуметтік осал тобына тағы бірнеше топ өкілдері жатқызылатын болады.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығына сүйенсек, Халықтың әлеуметтік осал санаттарының тізбесі кеңейтілген. Олардың ішінен білім алушылардың 15%-ы мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылданады.

«Қосымша қосылған топтарға аналары «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы отбасылардан шыққан балалар кірді», – делінген бұйрықта.

Бұдан бөлек, бұйрыққа сәйкес, 8-сыныпта тестілеу тәртібі нақтыланған. Пәндер бойынша 150 минут ішінде 85 сұраққа жауап беру керек. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін: математика және логика – 30 сұрақ; оқу сауаттылығы – 15 сұрақ; қазақ тілі мен әдебиеті – 40 сұрақ болады.

Осыған дейін Оқу-ағарту министрлігі балаларды бірінші сыныпқа іріктеуге арналған қабылдау емтихандарын алып тастауды жоспарланған.

Тұжырымдама авторлары мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектептің жұмысын сәйкестендіріп, «балаларды тәрбиелеудегі сабақтастықты қамтамасыз етуді» көздеп отыр.

«Баланың даму картасы негізінде оны оқытудың жеке траекториясы анықталады, сондай-ақ мектепке психологиялық-эмоционалдық дайындығы ашылады, содан кейін жеке деректердің құпиялылығын қамтамасыз ете отырып, бастауыш мектепке беріледі. Барлық бала қабілетті және барлық бала тең. Сондықтан мектепке қабылдау үшін іріктеу мақсатындағы тестілер өткізілмеуі керек», – делінген құжатта.

Бірақ түрлі себеппен мектепке дайын болмаған, бірақ 1-сыныпқа қабылдануға жасы жеткен балаларға мектептерде бейімделу бағдарламасы ұсынылады. 

Сондай-ақ оқыңыз