Ұлттық статистика бюросы 7 мамыр қарсаңында ер азаматтар көп шоғырланған салаларды атады

Жарияланды
Қай салада ер азаматтар көп?/shutterstock

2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған ер азаматтар саны 4 711,7 мың адамды құрады. Оның ішінде қалалық жерлерде еңбек етіп жүрген ерлер саны – 2 831,4 мыңнан асса, ауылдық жерлерде жұмыс істейтіндер – 1 880,3 мыңға жуық.

Ер азаматтардың басым көпшілігі өнеркәсіп секторында жұмыс істейтіні анықталды. Олардың саны 777,5 мың. Одан кейінгі орында 653,2 мың адам жұмыс істейтін көтерме және бөлшек сауда саласы. 637,1 мың ер азаматты жұмыспен қамтыған ауыл шаруашылығы саласы үшінші орында.

Құрылыс 520 мың ер азамат үшін тартымды салаға айналса, ал көлік пен қоймада ерлер 513,1 мың жұмыс орнын алып отыр.

Мемлекеттік басқару және қорғаныс істері 335,1 мың ер азаматты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Басқа салалардағы ерлер саны:

  • білім беру – 310,9 мың адам
  • денсаулық сақтау – 160,8 мың адам
  • әкімшілік және қосалқы қызметтер – 159 мың адам
  • кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет – 126,4 мың адам
  • ақпарат және байланыс – 109,2 мың адам
  • қаржы және сақтандыру – 84 мың адам
  • тұру және тамақтану – 72,3 мың адам
  • жылжымайтын мүлік – 68,7 мың адам
  • өнер және ойын-сауық – 59,4 мың адам
  • басқа да қызметтерді көрсету – 124,3 мың адам

Айта кетейік, жұмыспен қамтылған ерлердің негізгі бөлігін (1,2 млн.) 35-44 жас аралығындағылар құрайды, ал 51,7 мың ер адамның қосымша жұмысы бар.

Осыған дейін ҚНРДА 2023 жылы жүргізілген банк секторы активтерінің сапасын тұрақты бағалау (AQR) деректеріне негізделген демографиялық талдауды жариялаған еді.

Бір қызығы, ерлер арасында жиналған кредиттік шығындардың үлесі 10,3%-ды, ал әйелдер арасында бұл көрсеткіш– 7,8%-ды құрайтыны анықталған. Ипотекалық қарыздар портфелінде 2 және 3-сатыларда EAD үлесі әйелдерге қарағанда ерлерде 4 п.т. жоғары. Сондай-ақ дефолт уақытындағы берешектің көлемі бойынша ер адамдар басым түседі.

Сондай-ақ оқыңыз