Күштік құрылымдар 20 генералмен толықты
Мемлекет Басшысы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін,6 мамыр күні, Отан қорғаушылар және Жеңіс күні қарсаңында бірқатар тұлғаны жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендермен марапаттады.
Оның ішінде 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені ҚР Бас прокуроры Берік Асыловқа, Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіровке генерал-лейтенант әскери атағы, Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Дәурен Қосановқа авиация генерал-лейтенанты әскери атағы берілді.
«2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлына;
Генерал-майор әскери атағы:
Дәуітов Қайрат Сапарбекұлына,
Есжанов Аян Әбдіғаниұлына,
Жүнісов Төлеужан Сабырұлына,
Ибатулин Бауыржан Шарифоллаұлына,
Қазкеев Бекайдар Маратұлына,
Поливанов Павел Константиновичке,
Ыбыраев Ержан Уақасұлына;
Авиация генерал-майоры әскери атағы:
Нілдібаев Ержан Болатұлына;
Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:
Бекжанов Нұржан Наурызұлына,
Жұмабаев Марат Қабиденұлына,
Наймантаев Алмас Тілепбергенұлына;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің
генерал-майоры арнаулы атағы:
Ахметжанов Саян Қылышұлына,
Жебегенов Мақсат Мырзаханұлына,
Сарқұлов Ұлан Серікұлына;
Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:
Асанбаев Еркебұлан Төлегенұлына,
Әлиев Данияр Дұппайұлына,
Исмагулов Нұржан Нығметұлына;
Полиция генерал-майоры арнаулы атағы:
Қабдұлдинов Айдын Тоқтарұлына,
Оразбаев Нұрхат Кенжебайұлына,
Рысбаев Айдос Какашаұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
Әбілов Берік Рақатұлына,
Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлына,
Өтегенов Ерлан Рахымжанұлына берілсін», – делінген Мемлекет Басшысының жарлығында.
Президент генералдарды кәсіби мерекелерімен құттықтай келе сөзін былай жалғады:
«Бүгінгі айбынды армиямыз – елдегі тұтастық пен тыныштықтың мықты қалқаны. Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр. Олар қай кезде де қастерлі Отанымызды қорғауға дайын. Ерлік майданда ғана жасалмайды. Ерлікке бейбіт заманда да орын бар. Биыл біз соңғы 80 жылдағы ең жойқын тасқынға тап болдық. Елге қатер төнген сәтте сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Ұлттық ұлан, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы Антқа адал болудың үлгісін көрсетті. Алапат тасқынға төтеп беру үшін 9 мыңнан астам әскери қызметші жұмыла еңбек етті. Мыңнан астам техника жеткізілді. Сын сағатта халқымыздың асыл құндылықтары анық байқалды», – деді ол.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 мамырда Мәскеуге ресми сапармен баруды жоспарлап отыр.
ТАСС агенттігіне сұхбат берген Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаевтың айтуынша, сапар барысында Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі.
2024 жылы да Қазақстанда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған әскери шеру өтпейді. Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатын үнемдеп, оны басқа істерге жоспарлаған. Бұның алдындағы жылдары да мереке күніне орай тек концерттік бағдарламалар болып, әскери шеру болмаған.