Әйелі зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған БАӘ-дегі қазақстандық дипломат шұғыл елге қайтарылып, тергеледі – СІМ

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Дипломаттың әйелі Қазақстанның мемлекеттік органдарынан көмек сұрады / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

БАӘ-дегі қазақстандық дипломаттың әйелі 10 жыл бойы күйеуінен қорлық көргенін айтып, мемлекеттен көмек сұраған видео жариялады. Оның айтуынша, күйеуі – Қазақстанның БАӘ-дегі төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі. СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі кеңесшісінің әйелінің бұл мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді.

ҚР СІМ-нің мәліметінше, әйелі ұрып-соқты деп айыптаған БАӘ-дегі Қазақстан елшісі кеңесшісінің ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады.

«Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл түрде қайтарып аламыз. Бұдан әрі оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады», – деді  Айбек Смадияров.

Әйелдің үндеуі «НеМолчи» қоғамдық қорының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған. Онда БАӘ Елшілігінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелін үнемі ұрып-соққаны, ал 5 мамырда әйелдің үлкен әпкесіне де күш қолданғаны туралы жазылған.

«Мен, Мамаш Карина Госманқызы, БАӘ елшісінің кеңесшісі Мамаш  Сәкен Ташкенбайұлының әйелімін. 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келемін. Мен жұбайымның маған көрсеткен бүкіл қорлығы үшін дипломат мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Ол маған физикалық, жыныстық, эмоционалды, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті», – дейді зәбір көрген әйел.

Осы орайда «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Президентке, Ішкі және сыртқы істер министрліктеріне үндеу жасады.

«Ішкі істер министрлігінен Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі жасап отырған әрекетке араласып, әйелін күйеуінен қорғауды талап етеміз. Ол әйелі мен оның әпкесін ұрып-соққан. Фото мен видео азаптаудың болғанына дәлел. Президент Тоқаевқа, ІІМ, СІМ-ге ресми үндеу жасаймыз. Зорлықшының үстінен қылмыстық іс ашуды талап етеміз! Видеоға қараңыздар, Мөлдір Қабылова мен Салтанат Нүкенованың тағдыры қайталанып жатыр, – деді Дина Таңсәрі.

Сондай-ақ оқыңыз