Астрономдар мамырдың 10-11-і күндері жер бетінде G2-G3 (орташа және орташадан жоғары) деңгейдегі магниттік дауыл болатынын айтты. Ресейлік Күн-жер физикасы институтының ғалымдары мұндай құбылысты 8 мамыр күні де байқаған.
Аталған институттағы күн астрономиясы зертханасының мамандары 8 мамырда таңертең Күн бетінде жарылыс болғанын байқаған. Жоғары балды (Х1 деңгейлі) жаңа жарқыл Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де тіркелген.
Қазіргі уақытта Жерге шығарындының қозғалысы ғарыш корнографтарының бақылауы арқылы расталған. Жерге күн массасының алдын ала кірісі 11 мамырда жетеді деп болжанып отыр. Магниттік дауылдың ықтимал күші G2-G3-ке тең келді, – делінген зертхана таратқан хабарламада.
Рентген сәулелену қуатына байланысты күнде болған жарылыс А, В, С, М, және Х деп санатта қарастырылып отыр.
Массаның келісі Күннің Жерге ықпалының ең күшті түрі. Себебі үлкен кинетикалық энергияға ие әрі Жердегі магниттік өріске тікелей соққы береді.
«Магниттік дауыл» («магнит өрісі» деп те аталады) ғылыми тілде геомагниттік толқын деп аталады. Ол – жердің магнит өрісінің күшті ұйытқуы. Магниттік дауыл бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Әрі ол жер бетінің барлық нүктесінде бір мезгілде өтеді. Мамандар бұл күндері қан қысымы жоғары және жүрек-қан тамырларының жұмысы әлсіз адамдар өзіне сақ болуы керек екенін айтады.
Физиктердің айтуынша, Күн жалынының жылдамдығы секундына 400-ден 800 метрге, ал планетааралық плазманың тығыздығы 100 есеге жуық артқан.
Соның әсерінен болар соңғы 10 жылда Күн бетінде тіркелген маниттік дауыл жиілеп кеткен.
Жақында Қазгидромет мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынған болатын. Оған сәйкес, бір ай бойы ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ түседі. Көп күн бойы жоғары температуралық фон сақталады деп күтілуде. Ал республиканың солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы +35°C дейін, оңтүстік бөлігінде +40°C дейін ыстық болады.
Мамыр айында ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде. Мамыр айында жауын-шашын мөлшері еліміздің батысында, оңтүстік, орталық өңірлерінде шамадан тыс көп болады деп болжануда