АШМ басшысы су астында қалған құжаты жоқ шаруашылық нысандарын қалпына келтіру мәселесі бөлек қаралатынын айтты 

Жарияланды
су тасқыны
Фото: Sarinform.ru

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров тасқын судан қирап қалған қора-қопсыларды қалай қалпына келтіруге болатынын айтты. Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте сөз етті.

«Дәл қазір маңызды мәселе ретінде, ең алдымен, қираған үйлер мен мал басын қалпына келтіру жұмыстары тұр. Ал қора-қопсыға қатысты өтініш-талаптар түскен жоқ. Ал келіп түсетін болса, қарастырамыз», – деді министр.

Айдарбек Сапаров «қарастыру» деген сөз қора-қопсыны қалпына келтіруге қаржы бөлуге дайынбыз деген сөз емес екенін айта кетті.

«Ол үшін бізге құжат түсуі керек. Оның барлығын Құрылыс комитеті шешеді»,– деді Сапарбаев.

«Бұл жерде қарастыру керек. Бүгін «келісемін» немесе «келіспеймін» деп тура жауап бере алмаймын. Қай жерде, қандай қора, қағаз-құжаттары бар ма? Соның бәрін дайындау керек. Құжат бар қора деп отырғаным ресми тіркелген, жерінің құжаттары, қолданысқа беру актісі бар қораны айтып отырмын. Сондай қора болса, оған бөлуге болады. Өтініш бере алады, комиссия қарайды. Ал тиісті құжаты жоқ адамдардың өтінішін бөлек қарастыру керек. Мұны әкімдіктермен бірге арнайы қор арқылы ма, демеушілер арқылы ма, жабуға мүмкіндіктер болатын шығар», – деді ведомство басшысы.

Ол сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарына төпелеп жауған жауынның кедергі келтіруі мүмкін екенін де айтты.

«Бірінші кезекте техниканы дайындау керек. Әкімдіктегілердің айтуынша, бүгінде техниканың 98 пайызы дайын. Енді қалған 2 пайызды ретке келтіру керек. Жоспар бойынша, 15 мамырға дейін диқандар дайын болады»,– деді ол.

Министр әкімдіктер мен шаруаларға алда нөсер жауын болатынын ескерттік деп отыр. 

«Қажет болса түнгі кезекке де дайын болу керектігін ескерттік. Өте қысқа мерзімде үлгеру үшін солай істеу керек деді», – министр.

Үкімет табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу қағидаларын бекітті. Оған сәйкес, шығынға ұшыраған азаматтар ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жергілікті атқарушы органға яғни әкімдікке материалдық залалды өтеу туралы өтініш беруі керек. Материалдық залалды өтеу туралы өтініш әкімдікке құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралады. 

Сондай-ақ оқыңыз