Қазақтар танымал рэпер Snoop Dogg-қа шапан жапты

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Әлемге танымал рэпер Snoop Dogg KeshYOU тобымен коллаборация жасады / Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Америкалық танымал рэпер әрі актер Snoop Dogg қазақстандық Кешью тобымен бірге ән жазды.

Танымал қазақстандық продюсер, актриса және кәсіпкер Баян Алагөзова қуанышты жаңалығымен бөлісті. Ол өзінің Instagram-дағы парақшасында америкалық танымал рэпер Snoop Dogg-тың қазақстандық KeshYOU тобымен бірге бейнебаян түсіргенін айтып, жазба жариялады. 

«Негізі бәрін жасыра тұрып, кейіннен жарияға жар салып хабарлағымыз келген, бірақ Снуп Дог біз үшін жариялап қойыпты! Снупи, аңыз адамсың! Менің құрметті оқырмандарым, сіздерден лүпіл басуды, әрине біздің туымызды қалдыруды сұраймын. Әлем біздің қыздарымызды тануы керек, олар шынымен керемет емес пе?!», – деп жазды Баян Алагөзова.

Қазақстандық продюсер рэпермен бірге түскен суретін де жариялады. Онда Snoop Dogg-тың қазақша шапан мен кепка кигені көрсетілген. Баян Алагөзова ұлттық киімдердің қазақстандық дизайнер Аида Қауменованың туындысы екенін атап өтті.

«Аида, қымбатты досым, Снупқа сіздің шапаныңыз бен бас киіміңіз қатты ұнады және ол оны біздің алдағы ғасырлар бойы есте қалатын бейнебаянымызда киіп түсті», – деді танымал продюсер.

Еске салсақ, бұған дейін Молдова астанасында өтетін Summer Fest музыкалық фестивалінде белгілі рэпер Jah Khalib-тің сахнаға шығуына тыйым салынғаны жайлы жазған едік.

«Соңғы оқиғалар мен жаңалықтарға орай Jah Khalib-тің  Summer Fest-те өнер көрсетуіне шектеу қойылды. Күрделі логистикалық және құпия факторларға байланысты шешімді бұрын ресми түрде жариялай алмадық. Мұндай шараны ұйымдастыру орасан зор күш пен ұзақ дайындықты қажет етеді. Бұл кез келген шешімді бірден өзгертуге мүмкіндік бермейді», – делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз