Жаңалықтар

Швейцария әншісі Nemo – «Eurovision – 2024» ән байқауының жеңімпазы

«Eurovision» халықаралық ән байқауында Немо Меттлер жеңіске жетті / AFP 2023

68-ші «Eurovision» халықаралық ән байқауында Немо Меттлер «The Code» әнімен жеңіске жетті. Немо финалда 591 балл жинады. Бұл – Швейцария үшін үшінші жеңіс. Осы елдің өнерпаздары Лис Ассиа 1956 жылы және Селин Дион 1988 жылы жеңімпаз статуэткасын алған.

Eurovision Song Contest YouTube арнасында ақтық сайыс тікелей эфирде көрсетілді. Қазылар алқасының дауысы саналып, кубок Швециядан Швейцарияға жолданатыны мәлім болды.

Хорватиялық Baby Lasagna командасынан Рим Тим Таги Дим 547 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал Teresa & Maria әнін шырқап, 453 ұпай жинаған Аlyona Аlyona мен Jerry Heil дуәті үшінші орынды иеленіп, Украина мерейін асқақтатты.

Nemo 1999 жылы Швейцарияның шағын қаласы Билде дүниеге келді. Бала кезінен скрипка, фортепиано және барабанда ойнады.

2016 жылы Nemo әлеуметтік желілерде тараған SRF Virus (#Cypher) бағдарламасы арқасында бір түнде танымал болды. Осыдан кейін жеті әнді тікелей Швейцарияның ресми сингл диаграммасына әкелді.

2020 жыл әнші үшін өзгерістер кезеңі деп есептелінеді. Nemo өз шығармашылығында гендерлік сәйкестік, психикалық денсаулық және «әлемде өз орнын табу» жайындағы тақырыптарды қозғайды.