Астанадағы дағдарыс орталығына орналасқан Карина Мамаш отасқалы күйеуінен жәбір көріп келе жатқанын мәлім етті
Қазақстандық дипломат Сәкен Мамашты әйелі Карина маған зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптады. «Не молчи» қорының үндеуінен кейін ҚР Ішкі істер министрлігі Біріккен Араб әмірлігіндегі төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісіне қылмыстық іс қозғаған.
«Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл түрде қайтарып аламыз. Бұдан әрі оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады», – деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Карина шенеунік күйеуінен он жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келгенін мәлімдеді. Мамыр айында қонақ болып келген әпкесіне де күш көрсеткені туралы құлағдар қылды.
Дипломаттың әйелі отбасындағы жанжалды ұзақ жылдар бойы жасырып келген. Күйеуі неке құрған кезінен бастап қол көтерген. Бұл жайында жақын құрбылары ғана білген. Карина жақында жұбайының ұрып-соққанынан көзі зақымданғанын, содан азапқа шыдамағанын айтты. Бұдан күйеуінің туысқандары хабардар болып, госьпиталға алып барғанымен, олар жауырды жаба тоқуды, әйеліне ештеңе айтпауды ұсынған. Әйелі бұл жайында ғаламтор арқылы бәріне жариялайтынын айтқанымен, күйеуі Сәкен Мамаш «Маған бәрібір» деп қол сілтей салған.
Астанадағы дағдарыс орталығына орналасқан жәбірленуші қазіргі уақытта өзін қауіпсіз сезінетінін, балалары мен анасы, әпкесі жанында екенін айтты.