42 бос жұмыс орны ашылады: Еңбек министрлігі жұмыссыздарды тасқыннан зардап шеккен аймақтарға шақырады

Жарияланды
Бос жұмыс орындары Enbek.kz сайтында жарияланады. Фото: kursiv.media/ ильд редактор: Денис Андреев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Бірге салайық!» атты жаңа жобаны іске қосты. Оның аясында жұмыссыз азаматтар үшір 42 жұмыс орны ашылады. Олар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарына араласа алады. Құрылыс компаниялары ұсынып отырған жұмыс орындарын Электрондық еңбек биржасынан көруге болады. 

Ведомствоның мәліметінше, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы «Бірге салайық!» жобасы шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыруды сүйемелдеу жөніндегі арнайы платформа әзірледі.

Бұл Enbek.kz электрондық еңбек биржасындағы жаңа модуль болады. Осында жұмысқа орналасуға және өңірлерге тұрғын үй қоры мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесуге ниет білдірген кез келген адам бос орындармен танысып, өзіне ұнаған кез келгеніне ынта білдіріп, әңгімелесуден өте алады. Қазіргі уақытта платформада бос жұмыс орнының саны – 42.

«Бұл жобаның маңыздылығы сол, біз жұмыс табуға және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге қатысуға ниет білдірген әрбір адамды жедел жұмысқа орналастыру үшін цифрлық ортаны қамтамасыз етеміз. Қазіргі уақытта біз жұмыс берушілер базасын және бос жұмыс орындарын толықтырумен айналысудамыз. Өңірлер үшін кім кімнің де қатысуы өте маңызды, өйткені, қазір білікті мамандар да, арнайы білімі жоқ жұмысшылар да аса қажет екенін айта кету керек»,– деп атап өтті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы су тасқыны Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарын басқан.

Естеріңізде болса, 2020 жылғы карантин кезінде Қазақстан үкіметі табысынан айырылған азаматтарға берілетін қаржылай төлем мөлшерін 42 500 теңге деп бекіткен еді.

Ол уақытта 2 млн 369,5 мың қазақстандық 2 ай бойы 42 500 теңге көлемінде қаржылай төлем алса, 2 млн 360,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алған.

Сондай-ақ оқыңыз