Қазақстан қор нарығындағы ең тартымды «көгілдір фишкалар» қандай?
Freedom Finance Global компаниясының талдаушысы Аңсар Әбуов Қазақстан қор нарығындағы ең тартымды «көгілдір фишкаларға» тоқталды. Сарапшының айтуынша, KASE индексіне кіретін 10 қағаздың әрбірінің өзіндік салмағы болғанымен, индекстегі үлесі 14%-дан асатын компания акцияларына ерекше назар аудару керек.
«Көгілдір фишка» деген атау қайдан шықты?
Инвестициялар әлеміндегі кәсіби терминологияда «көгілдір фишкалар» деген анықтама жиі кездеседі. Бұл анықтама белгілі бір нарықта саудаланатын бірінші эшелондағы акцияларға қарата айтылады. Аталған терминді 1923 жылы Dow Jones компаниясының қызметкері және журналист Оливер Гингольд ойлап тапқан. Ол брокерлік фирмада жұмыс істегенде акциялармен жасалатын мәмілелерге назар аударды. Бұл акциялардың бір данасы 200-250 АҚШ долларына саудаланатын. Сәл кейінірек ол бұл жайында мақала жазып, аталған қағаздарға «көгілдір фишкалар» деген атау береді. Одан кейін терминді трейдерлер қолдана бастайды.
Қазіргі кезде «көгілдір фишкалар» деп нарықтағы жетекші акцияларды атайды. Яғни капиталдандыруы жоғары, өтімділігі бар, құбылмалылығы төмен және сенімге ие компаниялар. Инвесторлар оларды тәуекел профилі аз, қажет болса жылдам сатып алуға және жылдам сатуға болатын түсінікті және тұрақты құралдарға инвестициялағысы келгенде таңдайды. Мәмілелердің арасындағы бағалардың айырмашылығына байланысты ең аз шығынды көтереді. Мұндай қағаздар инвестициялау әдістері консервативті портфельдер үшін қолайлы. Онда акциялардың үлесі 30%-ды, ал облигациялардың үлесі 70%-ды құрайды. Көгілдір фишкаларды қамтамасыз ету арқылы пайдалануға және қысқа мерзімге қарызға ақша алуға тиімді (РЕПО мәмілелері).
Сондай-ақ, маңызды мәселе – көгілдір фишкалардың өсу мүмкіндігі бар және ұзақ мерзімді инвестиция. Шын мәнінде, акциялар айтарлықтай сенімді болса да, инвесторлар үшін бұл акциялар қымбаттау мүмкіндігінсіз аса қызық емес. Себебі ол үшін мемлекеттік облигациялар түрінде балама бар. Алайда бұл жерде күтілетін кіріс көбінесе инвестиция тәуекелімен тікелей байланысты екенін түсіну керек. Сол үшін де көгілдір фишкалар шарықтап өсумен ерекшеленбеуі мүмкін.
Көгілдір фишкалар тізіміне кіру өлшемшарттары
Жалпы алғанда, мұндай тізім нарықтағы инвесторлардың жалпы пікірімен айқындалады. Көгілдір фишкалардың мәртебесі, ең алдымен, әр нарық үшін жеке айқындалып, шағын нарықтағы олардың өкілдері сауда-саттықтың капиталдандыруы бойынша да, сондай-ақ көлемі бойынша да ірі нарықта саудаланатын өкілдерден түбегейлі ерекшеленеді. АҚШ-та көгілдір фишкаларға Microsoft, Apple, Coca-Cola, Nvidia, Amazon, Exxon Mobile, JP Morgan, Johnson & Johnson және т.б. қағаздар жатады.
Жергілікті нарықта да баламасы бар. Бұл – KASE индексі немесе 10 акциядан тұратын Қазақстан қор биржасының өкілдік тізімі.
Эталонды көгілдір фишкалар
KASE индексінде 10 қағаздың бәрі заң жүзінде нарықта бірінші эшелон саналатынына және көгілдір фишка деген мәртебеге үміткер екеніне қарамастан, эталондық деп индекстегі үлесі 14%-дан асатын акцияларды есептеуге болады. Оларға ҚазМұнайГаз (14,7%), Халық Банк (15,8%), Kaspi (16,5%) және Қазатомөнеркәсіпті (14,1%) жатқызуға болады.
Оларға мынандай ерекшеліктер тән:
- Бес жыл қатарынан тұрақты өсім.
- Компанияның нарықтық капиталдандыруы жоғары үлкен экономикалық қуаттылығы.
- Акциялардың жоғары өтімділігі мен сауда-саттық көлемі.
- Өз қызмет саласында көшбасшы.
4-орын – Қазатомөнеркәсіп. Уран өндірісі саласындағы әлемдік көшбасшы. Бұл аталған өнеркәсіпті әлемнің ядролық энергетикаға деген сұранысының қайта күшеюі кезеңінде мемлекеттің стратегиялық активіне айналдырады. І тоқсанда KZAP қағаздары сауда-саттығының көлемі 3 млрд теңгені құрады. Индекс қағаздарының арасында 7-орынды иеленеді. Саладағы көшбасшылық орындар, бірақ сауда-саттықтың көлемдері салыстырмалы түрде үлкен емес болғандықтан, акциялары біздің рейтингте 4-орынға жайғасты.
2-3-орын – Kaspi.kz және Халық Банкі. Үшінші және екінші орынға банк секторының өкілдері – Халық Банкі мен Kaspi жайғасты. Егер Kaspi негізінен жеке тұлғаларға қызмет көрсетсе, Халық Банкі көбіне заңды тұлғаларға бағдарланған. Kaspi нарықтық капиталдандыру бойынша озып тұр, нарық оны Халық Банкіне қарағандаға 4,3 есе қымбат бағалайды. Екінші жағынан Kaspi І тоқсандағы сауда-саттық көлемдерінде 2,3 есе артта қалып отыр. Жалпы алғанда, қағаздардың профилі ұқсас келеді. Әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар, сол үшін де біз оларды салмақ жағынан тең деп анықтадық.
1-орын – «ҚазМұнайГаз«. Квазимемлекеттік компания. Қазақстанның мұнайгаз саласының «інжуі» және осы нарықтағы негізгі ойыншы. Ол сенімділік өлшемшарттарына және нарық монополиясына сәйкес келеді. Бұл ретте ҚМГ нарықта неғұрлым өтімді бағалы қағаз. Себебі І тоқсандағы сауда-саттықтың көлемі 8,08 млрд теңгені құрайды. Капиталдандыру деңгейі жағынан «ҚазМұнайГаз» компаниясы Kaspi-ден артта қалып отыр (ҚМГ-дағы 17,7 млрд АҚШ долларына қарағанда Kaspi-де 22,4 млрд АҚШ доллары). Компания дивидендті жылына бір рет төлейді, соңғы төлемі 491,71 теңгені құрады. Биыл акционерлер бір акцияға кемінде 620 теңгені мақұлдауы мүмкін. ІРО өткізілген сәттен бері қағаздары өсіп жатыр және бағасы жағынан 50% қосқан. Ағымдағы сәтте акциялар өздерінің тарихи ең жоғары деңгейлерінде орналасқан. Бүкіл факторды ескере отырып, «ҚазМұнайГазды» KASE индексіндегі эталонды көгілдір фишка деп санаймыз.