GameStop акциялары бағасының көтерілуіне байланысты шортистер 1,2 миллиард доллар жоғалтты
GameStop акцияларына қарсы бәс тіккен инвесторлардың «қағаздық» шығыны 1,2 млрд долларды құрады / Фото: Jose Cordova/GameStop
GameStop ойын құрылғысы бөлшек саудасы желісінің биржалық бағасының төмендеуіне бәс тіккен инвесторлардың «қағаздық» шығыны 1,2 млрд доллардан астам соманы құрады. Оған компания акциясы бағасының соңғы үш жылдағы рекордтық секірісі себеп болды. GameStop акциясы бағасының көтерілуі басқа мем- акциялар бағасын көтеріп жіберіп, бірнеше миллиардерге пайда әкелді.
Толығырақ
«GameStop акцияларының ширегі қысқа позицияда. Ortex аналитикалық компаниясының деректеріне сілтеме жасай отырып, «Аю» инвесторлар дүйсенбі күні «қағаз жүзінде» 1,23 миллиард доллар жоғалтуға тиіс еді», – деп жазады Reuters. – Бірақ 2021 жылғы тәжірибеге сүйене отырып, шортистер енді бұл шығындарды белгілеуге асықпайды».
Susquehanna дериватив стратегиясы бөлімінің тең басшысы Крис Мерфидің «GameStop акциялары бойынша қысқа позиция ашқан институционалдық инвесторлар 2021 жылғы оқиғаны ұмытпайды және сол позицияда отыра береді» деген сөзін келтіреді Reuters.
«TradeAlert мәліметіне сүйенсек, GameStop акцияларына қатысты колл опцион бойынша ашық позиция сомасы 10 мамырда биылғы ең жоғарғы деңгейге жетті. Ал дүйсенбіде аздап төмендеді» делінген мақалада.
CNBC сілтеме жасаған S3 Partners мәліметі бойынша, GameStop-тың инвестициялық компаниялар иелігіндегі қысқа позициялық акцияларының жалпы нарықтық құны бір күнде 838 млн долларға дейін бір-ақ түскен. S3-тің есептеуі бойынша, дүйсенбі күнгі шығындарды ескергенде, шортистер мамырда GameStop акцияларынан 1,24 миллиард доллар жоғалтты.
Роариң Кити (ырылдаған марғау) деген атпен танымал америкалық инвестор әрі сарапшы Кит Гилл әлеуметтік желіге оралғаннан кейін 13 мамырда GameStop акциясының бағасы 74%-ға көтерілді. Бұл – 2021 жылдың 24 ақпанынан бергі ең үлкен өсім. Ал ол кезде 100%-дан астам өскен болатын. Сол кезде бөлшек инвесторларды GameStop пен AMC кинотеатрлар желісі секілді дәурені өткен әйгілі компаниялар акцияларының төмендеуінен пайда көретін институционалдық инвесторларға қарсы шығуға итермелеген де осы Гилл еді.
Кім ұтты?
Stocktwits инвесторлары мен трейдерлеріне арналған әлеуметтік платформаның есептеуіне сәйкес, кеше мем-акциялардың капитализациясы 6 млрд доллардан жоғары көтерілген. Соның ішінде AMC бағасы 78%-ға, Spirit Airlines 16% -ға өсті.
Мем акциялар раллиінің негізгі бенефициарларының арасында, Forbes атап өткендей, бірнеше миллиардер болды. Басылымның есебі бойынша, GameStop-тың басшысы және 12 пайыздық үлесі бар ең ірі жеке акционері Райан Коэн бір күнде 480 млн долларға байыды. Trump Media & Technology Group иесі, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың байлығы, шамамен, 100 млн долларға артты. к