Еліміздің туристік аймақтарының тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді

Жарияланды
Еліміздің туристік аймақтарының тізіміне қандай жерлер кірді/kursiv.media

Еліміздің туристік аймақтарының тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді. Бұл туралы бүгін, 14 мамыр күні, Үкімет отырысында ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты.

«Биыл басым туристік аймақтардың тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді. Осылайша, барлық аймақта өсудің ең перспективалы орындары анықталды. Әр дестинацияда басым туристік аймақтар құру жоспарланып отыр. Министрлік туризмде инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.  Өткен жылдың қорытындысы бойынша 131 млрд теңгеге 33 жоба жүзеге асырылды», – деді ол.

Министрдің атап өтуінше, 2023 жылы Маңғыстау облысының «Жылы жағажайына» инфрақұрылымды жеткізу бойынша бірқатар жобалар аяқталды. Биыл Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында үш әуежай терминалының құрылысын аяқтау жоспарланған.

«Бұл жолаушылар ағынын едәуір арттырып, туристік дестинациялардың қолжетімділігіне оң әсер етеді»,– деді министр.

Қазақстандағы ТОП-20 басым туристік аймақтың толық тізімі мынадай:

Хан Ордасы (БҚО), Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе обл.), Туристік кешен (Қостанай обл.), Щучье-Бурабайдағы «Ақбура» курорт аймағы (Ақмола обл.), Имантау-Шалқар курорт аймағы (СҚО), Баянауыл (Павлодар обл.), Катон-Қарағай курорт аймағы (ШҚО), Алакөл курорт аймағы (Абай обл., Жетісу обл.), Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қ., Алматы обл.), «Көксай resort» (Жамбыл обл.), Балқаш (Қарағанды обл.), Түркістан (Түркістан обл.), Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда обл.), Ұлытау ауылы (Ұлытау обл.), Жылы жағажай (Маңғыстау обл.), Сарайшық қалашығы (Атырау обл.), Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қ.) және Туристік аудан (Астана қ.).

Көбінесе ел аумағы бойынша саяхат аясында қазақстандықтар Алматы мен Алматы облысына (53,2%), сондай-ақ Астана мен Ақмола облысына (44,6%) баруды жөн көреді. Оңтүстік өңірлер ішкі туристер үшін танымал үш бағыт, соның ішінде үшінші мегаполис Шымкент және туристер арасында танымал Түркістан – 30,2% болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз