«Самұрық-Қазына» жалғыз акционерінен 244 млрд теңге тартпақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
жалғыз акционерінен
«Самұрық-Қазына» қоры акционерінен қаржы тартпақ. Фото: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» жалғыз акционері – ҚР Үкіметінен, 244 млрд теңге тарпақ. Ол үшін «Самұрық-Қазына» әр данасы 243 931 446 тұратын 1000 қарапайым акциясын биржаға орналастырмақ. Бұл акцияларды басымдықпен жалғыз акционері сатып алады.

Қор биржасына орналастырған хабарламаға сәйкес, 1000 акция орналастыру жайлы шешімді компанияның директорлар кеңесі 26 сәуірде қабылдаған.

«Қоғамның жалғыз акционерінің акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен қоғамның жарияланған акцияларының саны шегінде бір акция үшін 243 931 446 теңге бағасымен 1 000 қарапайым акция орналастырылсын», – делінген хабарламада.

Қор хабарламасында қарапайым акцияларды орналастыруға қатысты басқа ақпарат жарияланбаған.

«Самұрық-Қазына» қорының 100 пайыз акциясына Қазақстан Үкіметі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы иелік етеді. Жарияланған 3,5 млрд акцияның 3,48 миллиарды орналастырылған. Қор мемлекеттік екі алпауыт: «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингін біріктіру жолымен құрылған. Қазіргі кезде қордың 23 еншілес ұйымы бар. Олар: ҚМГ, ҚТЖ, QazaqGaz, «Қазатомөнеркәсіп», «Самұрық-Энерго», KEGOC, «Қазпошта», «Қазақтелеком», Эйр Астана, Samruk-Kazyna Construction т.б.

2023 жылы «Самұрық» Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші теміржол жол құрылысын қаржыландыру үшін 74 млрд теңгеге облигация орналастырған болатын. Бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры сатып алды. Ал 15 млрд теңге айырма үкіметтің қарыздары бойынша дисконт ретінде көрсетілді, оның ішінде Ұлттық әл-ауқат қорының балансында 795 млрд теңге бар.

Сол кезде Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бірге Ұлттық қор қаражатын «Самұрық-қазына» облигацияларына пайдалану бар да, бірақ есептілік жоқ деп мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз