Дайын өнімдер, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны баяулап келеді
2024 жылдың басынан бері дайын өнімдер, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны бәсеңдеп келеді. Бұл туралы Ұлттық банктің АКСД директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесінде жазылған.
«2024 жылдың I тоқсанында кәсіпорындарға жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша, дайын өнімнің, шикізат пен материал бағасының өсу қарқыны бәсеңдеп, шетел валюталарына қатысты теңге бағамындағы өзгерістің теріс әсері сейілді», – делінген хабарламада.
Кәсіпорын өнімдері бағасының өсуі бәсеңдеп келеді: диффузиялық индекс 57,0 құрады, 2023 жылдың IV тоқсанда – 57,8 болған. Кәсіпорындардың дайын өніміне деген сұраныс біршама өсті. Биыл 51,4 болса, былтыр 49,4 болған.
Экономика бойынша сатылым орташа пайызды, салықтарды және шығысты шегергенге дейін 22,9% төмендеген, былтыр 23,3% болған.
Оразалиннің жазуынша, кәсіпорындар нарықтық бәсекені – бизнес жүргізудегі негізгі кедергі деп санайды. Сауалнамаға қатысқан кәсіпорындардың 31,4%-ы осындай шешімге келген. Өзге кедергілер: Қазақстан экономикасының жай-күйі (30,9%); салық деңгейі (28,1%); білікті мамандардың тапшылығы (26,3%); сатып алушыларды іздестіру (25,1%); лицензия/рұқсат алудағы қиындықтар (16,6%); дебиторлық берешекті қайтарудағы қиындықтар (14,9%).
26 наурыз бен 2 сәуір аралығында қант 1,4%-ға қымбаттады. Соңғы рет мұндай өсім 2022 жылдың тамыз айының басында тіркелген болатын.