Жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы резервтері артқанымен, Ұлттық қор активтері азайды

Ұлттық қор активтері төмендеді / Фото: Shutterstock

Сәуір айында Қазақстанның сыртқы резервтері өсті. Бірақ Ұлттық қор активтері төмендеді. Бұл – 2023 жылдың қыркүйегінен бергі ең үлкен көрсеткіш болды.

ҚР Ұлттық банкінің алдын ала мәліметтері бойынша, сәуірде Қазақстанның таза халықаралық резервтері, оның ішінде еркін валютадағы активтерді, монетарлық алтынды және ҚР Ұлттық қорын қоса алғанда, 97,1 млрд долларды құрады.
Наурызда көрсеткіш 96,6 млрд доллар болған еді.

Осылайша, сәуірде таза алтын-валюта резервтері немесе міндеттемелерді алғанда 5,7%-ға өсіп, 38 млрд долларға жетті. Алтын-валюта резервтеріндегі алтынның үлесі сәуір айында артып, 59%-ға жетті. Ал айналымдағы валюталық активтердің үлесі 41%-ды құрады. Негізгі фактор – алтынның тарихи жоғары бағасы.

Ақпан айынан бастап «Ұлттық қор –балаларға» жобасы бойынша міндеттемелерді шегерген. Қазақстан Ұлттық қорының активтері сәуір айында 2,7%-ға күрт төмендеп, 60 млрд доллардан 59,1 млрд долларға дейін азайды. Бұл – 2023 жылдың қыркүйегінен бергі ең төменгі көрсеткіш.

Осылайша, алтын-валюта резервтерінің ұлғаюы есебінен сыртқы резервтер өсті.
Бұған дейін Қаржы министрлігі Ұлттық қордағы қаражат көлеміне қатысты ай сайынға есебін жариялаған. Ақпаратқа сәйкес, Ұлттық қорда қазір 28,6 трлн теңгеден аса қаражат бар. Наурыз айының соңындағы көрсеткіш бойынша оның көлемі 28,8 трлн теңге болған еді. Бір ай ішінде қор қаражаты 200 млрд теңгеге қысқарған.
Жалпы 2024 жылдың 1 қаңтарында Ұлттық қордағы қаражат көлемі 29,1 трлн (29 111 476 663 8,5) теңге болған еді.

Ұлттық қордан алынған қаражат қанша?

Ал наурыз айында мақсатты трансферттер үшін Ұлттық қордан 411 млрд теңге алынды. Сәуір айында да дәл осындай сомада мақсатты трансферттер бюджетке аударылды.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың басынан бері Ұлттық қордан 1,9 трлн теңге қаражат алынған. Осы мерзім аралығындағы кепілдік берілген трансферттер 1,5 трлн теңгені құрады. Ал бір ай ішінде бюджетке кепілдік берілген трансферттер көлемі 480 млрд теңгені құраған.

Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу шыққан шығын көлемі жыл басынан бері 5,2 млрд теңге жұмсалыпты. Наурыз айында бұл көрсеткіш 1,6 млрд теңге болған. Яғни қордың осы мақсаттағы шығындары да бір ай ішінде 3,5 млрд теңгеге ұлғайған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2024 жылдың үш айында Ұлттық қорға 1,17 трлн теңгедей түсім түскен. Оның ішінде – мұнай секторы ұйымдарынан алынатын тікелей салық (жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызылатын салықты қоспағанда) 1,16 трлн теңгені құраған. Қалғанын республикалық меншікті жекешелендіруден (137 млн теңге), ұлттық компаниялар мен холдингтерді бәсекелес ортаға беруден (47 млн теңге), ауыл шаруашылығы учаскелерін сатудан түсетін түсімдер (10 млн теңге) құраған.