Жаңалықтар

Сарапшылар вейп тәуелділікке қарсы дәрі жасаушының үлесі 500%-ға өседі деп күтеді

вейп
Zacks шылымға қарсы дәрі әзірлемесінің өсу әлеуеті күшті деп сенеді / Фото: kursiv.media

Zacks Small Cap Research зерттеу компаниясы вейп тәуелділіктен құтқаратын алғашқы дәрінің әзірлемешісі – Achieve Life Sciences акциясының әділ бағасы 30 долларға дейінгі сома деп біледі. Бұл – Уолл-стрит берген ең жоғарғы баға. Ол 14 мамырдағы сауда жабылар кездегі бағадан әлі алты есе өседі деген болжам бар.

Толығырақ

Өзінің зерттеу жазбасына сәйкес, Zacks SCR компаниясы Achieve акциясының мақсатты бағасын 30 доллар деңгейінде сақтап қалды. Бұл 14 мамырдағы Nasdaq биржасында сауда жабылардағы акция бағасынан 499%-ға жоғары – 5,01 доллар.

Жыл басынан бері Achieve Life Sciences акциялары 20%-дан астам мөлшерде қымбаттады. Соңғы рет бағаның күрт өсуі компания 2024 жылдың бірінші тоқсанының нәтижесін 9 мамырда жариялағаннан кейін байқалды. Тоқсандағы компанияның таза шығыны 6,5 миллион доллар болса, жалпы табысы – 60 миллион доллар. Тоқсандық есебімен бірге Achieve қосымша қаржы тартатынын да айтты.

Achieve Life Sciences немен айналысады?

Achieve цитизиниклин негізінде вейп тәуелділікке қарсы АҚШ-тағы алғашқы дәріні жасауда. Цитизиниклин – никотинге тәуелділікті жойып, адамның шылымнан бас тартуына көмектесетін өсімдіктен алынатын алкалоид.

«Бірінші тоқсанда компания клиникалық зерттеудің екінші кезеңін аяқтады. Бұл кезеңде 160 никотинді электрондық темекі немесе вейп тұтынатын адамдағы плацебомен салыстырылып, цитизиниклиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі тексерілді. Сосын 810 шылымқордың қатысуымен өткен зерттеудің үшінші кезеңі аяқталды. Клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінде (тіркеуге өтініш берер алдындағы соңғы кезең) препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі көңіл тоғайтарлық деңгейде екені белгілі болды» деп жазды Zacks SCR, Achieve акциялары бағасының болжамын түсіндіре отырып.

Алдағы апталардың бірінде Achieve 1700 пациенттің қатысуымен, цитизиниклинді көп уақыт пайдаланса, не болатынын зерттеуді бастайды.

Сарапшылар не дейді?

Zacks SCR 2026 жылғы есебінде Achieve бір акциясы 0,08 доллар тұратынын тілге тиек етіп, алғаш рет пайда тапқаны туралы айтады деп күтеді. Market Watch мәліметі бойынша, сарапшылардың консенсустық болжамы бойынша сол жылы әр акцияға 0,23 доллар шығыннан келуге тиіс.

Zacks SCR сарапшылары Achieve акцияларына Уолл-стриттегі ең жоғарғы таргетті берді. Jonestrading 17 сәуірде әр акцияға 20 долларлық таргет белгіледі. Oppenheimer 13 мамырда Achieve есебінен кейін компания акциясының мақсатты бағасын 18 доллардан 11 долларға дейін төмендетті. Market Watch мәліметі бойынша, компанияны бақылайтын барлық жеті сарапшы акцияларды сатып алуға шақырады. Олардың бағаға қатысты консенсустық болжамы – әр акция үшін 15 доллар, бұл ағымдағы деңгейден 245%-ға жуық өсу әлеуетін білдіреді.