IPO-ға дайындықты қайтадан бастаған Waystar төлем платформасы 1 миллиард доллар жинап алуды көздейді – БАҚ

Жарияланды
IPO

Waystar қайтадан АҚШ-тағы IPO-ға дайындалуға кірісті / waystar.com

Медициналық қызмет жеткізушілерге арналған төлемдерді басқару бұлттық қызметінің әзірлеушісі ​​америкалық Waystar Holding компаниясы Nasdaq-тағы  IPO-ға дайындықты қайтадан бастады. Төлем жөніндегі стартаптың жоспары – 1 млрд долларға дейін қаражат жинап алу. Былтыр листиң нарығындағы құбылмалылыққа байланысты биржаға шығу дайындығын тоқтатқан еді.

Толығырақ

Қайтадан Нью-Йорктегі IPO-ға дайындала бастаған Waystar маусымның басында биржаға шығуды жоспарлап отыр, деп жазады The Wall Street Journal дереккөздерге сілтеме жасап. Бір дереккөздің айтуынша, Waystar, шындап келгенде, 5–6 млрд доллар жинауды мақсат етеді. Бұл – компанияның 2019 жылғы құнынан екі есе көп мөлшер. Ол кезде шведтік EQT инвестициялық компаниясы Канаданың зейнетақылық жоспарын инвестициялау жөніндегі кеңеспен (CPP Investments) бірлесе стартаптың бақылау пакетін сатып алған еді. Содан кейін бүкіл компания 2,7 миллиард долларға бағаланған болатын. Бұл жолы Waystar акцияларын биржаға бастапқы орналастыру барысында 1 млрд долларға дейін қаражат жинап алуды көздейді.

«Waystar өзінің бұлттық қызметтерінде жасанды интеллект қолданады. Жасанды интеллект төңірегіндегі дүрлігіс кезінде компания былтырғы қазан айының ортасында IPO-ға өтініш берді. Сол айдың соңында Waystar нарықтағы тұрақсыздыққа байланысты листиңін 2024 жылға қалдырды», – деп жазды WSJ. Қыркүйек пен қазан айларында Нью-Йоркте акцияларын орналастырған төрт ірі компания (ішінде Arm және Instacart та бар) сол кезде IPO бағасынан төмен бағаға сауда жасады.

Екі жылдан астам уақыт «сұлық» жатқан америкалық IPO нарығы ақыры жандана бастады. Reddit, Ibotta және басқа да жақында ғана ашық компанияға айналғандар IPO бағасынан жоғары бағаға сауда жасап жатыр.

Қаржылық жағдай

АҚШ Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына берген өтінішінде Waystar өзінің былтыр 51,5 млн доллар болған таза шығыны 2023 жылы 51,3 млн долларға дейін төмендегенін көрсеткен. Ал кірісі 705 миллион доллардан 791 миллион долларға дейін ұлғайған.

Контекст

«Жеке инвестиция қорлары ақшаны өз инвесторларына қайтару мақсатында активтерін сатуға мәжбүр. Сатып алушылар мен сатушылардың бағаға қатысты түрлі болжамы себеп болып, соңғы жылдары өзге компанияны қосып алу мен жұтып алудың азаюы портфельдік компанияларды биржаға шығуға құлшындырды»,– дейді WSJ.

АҚШ-тың листиң нарығындағы белсенділік те былтырғыдан гөрі артып келеді. Биыл АҚШ-та M&A мәмілелерінің жиынтық көлемі, былтырғы жылмен салыстырғанда, 30%-дан астамға, ал IPO көлемі сол кезеңде 50%-ға дерлік артты, деп жазады WSJ, Dealogic мәліметіне сілтеме жасай отырып. к

Сондай-ақ оқыңыз