Үндістан Иран арқылы Орталық Азиямен арадағы экономикалық байланысын нығайтуды көздеп отыр
Үндістан Иранның Чахабар порты арқылы Орталық Азия елдерімен арадағы сауда-саттық көлемін арттыруды көздеп отыр, деп хабарлайды The Times of India.
Екі ел арасында бекітілген келісімге сәйкес Үндістан мен Иран Ислам Республикасы Чабахар портын 10 жыл бойы бірлесіп пайдаланатын болады. Чабахар портының орналасқан жері стратегиялық тұрғыда Үндістанның Орталық Азия елдеріне тікелей шығуын қамтамасыз етеді.
Үндістан осылайша Орталық Азия елдерімен сауда-саттық байланысын дамыту жолында маңызды қадамға барып отыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл пакт Үндістанның геосаяси ықпалын кеңейтуге ниетті екенін көрсетеді.
Келісімге сәйкес, India Ports Global Limited компаниясы аталған порт инфрақұрылымын дамытуға 370 миллион доллар инвестициялауға міндеттелген. Бұл туралы Иранға ресми сапармен келген Үндістанның порттары, кеме қатынасы және су жолдары министрі Сарбананда Соновал айтты.
«Чабахар портының маңызы Үндістан мен Иранның ынтымақтастығын одан әрі нығайта түседі. Бұл жоба Үндістанды Ауғанстан және Орталық Азия елдерімен арадағы байланысын маңызды сауда артериясына айналдыра алады. Сауда-саттықта жаңа мүмкіндіктер ашады және бүкіл аймақтағы тауарлар тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Себебі Чабахар порты Үнді мұхитына тікелей шығатын порт», — деді Сарбананда Соновал құжатқа қол қою рәсімінде.
2024 жылдың 7 ақпанында KASE Үндістан валютасы – рупия да Қазақстан қор биржасында саудалана бастауы мүмкін екенін хабарлаған
«Үнді рупиясына қатысты жайт өзгеше. Өйткені ол айырбасталмайды. Бұл валюта тек Үндістанда жұмыс істейді. Сондықтан рупиямен сауда жасауға қатысты шешімді жан-жақты сараланып барып қабылдау қажет. Нарықтағы валюта жұбымен сауда-саттық бастау – бұл биржа тарапынан белгілі бір инвестиция салуды, жүйелеу, бүкіл есептеулер мен бизнес-процестерді аяқтауды қажет етеді», – деді KASE-нің эмитенттер және инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов.