«Яндекс.Такси» қазақстандық жүргізушілерге 10 млрд теңгеге жуық бонус төлеуге міндеттелді
«Яндекс. Такси» 2024 жылы қазақстандық жүргізушілерге бонус ретінде қосымша 7-10 млрд теңге төлеуге міндеттелді.
Шешім Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БӘҚА) 2023 жылдың желтоқсанында тиісті монополияға қарсы тергеуді аяқтағаннан кейін қабылданды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаттарының сауалына берген жауабында Премьер-Министрінің орынбасары және Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлім етті.
Агенттік монополияға қарсы комплаенс шеңберінде келесі шараларды көздеп отыр:
Бірінші, жүргізушілердің табыс деңгейін арттыру. Ол үшін 2023 жылғы 14
желтоқсаннан бастап тапсырыс базалық комиссиядан екі есе асып кетсе, комиссиялар жойылады.
«Яндекс» комиссиялары жойылады
Мұның экономикалық әсері – жылына 2 млрд теңге. Бұл ретте осы бастама шеңберінде алынбаған комиссия 2024 жылдың бірінші тоқсанында 47 млн теңгені құрайды.
Екінші, жүргізушілерге арналған қосымша бонустық бағдарламаны енгізу. 2024 жылы сала айналымы мен инфляцияның өсуіне байланысты 7-10 млрд теңге. Бұл ретте
жүргізушілерге 2024 жылдың бірінші тоқсанында бонустардың жалпы көлемі 6,2
млрд теңгені құрады.
Үшінші, тарифтің қымбаттауын түсіндіріп, баға өзгерісінің болжамын ұсына отырып тарифті қалыптастырудың ашықтығын арттыру. Сол мақсатта қосымшаны
жақсарту. Баға деңгейінің себептері мен оның өзгеру болжамын түсіндіре отырып, «Яндекс Go» қосымшасының басты экранына «сұраныс индикаторы» қосылды.
«Сонымен қатар Яндекс қосымша бонустық бағдарламаны енгізді. Оған
сәйкес 2023 жылдың желтоқсанында Астана және Алматы қалаларының
жүргізушілеріне 400 млн теңгеден астам, ал 2024 жылдың қаңтарында 700 млн
теңге төленді»,– деп жазылған жауапта.
Министрдің жауабында сұраныстың ең жоғары кезеңінде төмен бағамен таксиге тапсырыс беру мүмкіндігін көздей отырып жолаушылар үшін жаңартылған «бірге» тарифі енгізілгені жазылған. Оған сәйкес, тарифті екі еселенген коэффициентке дейін көтеруге шектеулер енгізілген. 2023 жылдың желтоқсанында жаңартылған тариф іске қосылып, 2024 жылдың бірінші тоқсанында осы тариф бойынша шамамен 4,5 млн рет сапар орындалды.
Тарифті үш еселенген коэффициенттен жоғары көтеруге шектеулер енгізеді
Сондай-ақ «Яндекс. Такси» қызметтеріне ең жоғары сұраныс жағдайында, мысалы, қолайсыз ауа райында немесе мереке күндері тарифті үш еселенген коэффициенттен жоғары көтеруге шектеулер енгізеді.
«2024 жылдың бірінші тоқсанында үш еселенген коэффициентпен құны 238 мың тапсырыс немесе олардың жалпы санының 0,15% жүзеге асырылды. Монополияға қарсы комплаенстің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Агенттік тарапынан биылғы жылдың екінші тоқсанының соңына дейін сарапшылармен арнайы мониторинг тобы құрылатын болады», – деп хабарлады министр.
Олардың қатарына Көлік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ таксопарктер өкілдері кіреді.
Жолаушылар мен жүргізушілердің мүдделері қорғалады
Бұдан басқа, жолаушылар мен жүргізушілердің мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ететін мынадай жүйелі шаралар қабылдануда:
- Агенттік заңнамаға түзетулер енгізуге бастамашылық жасады, түзетулер жүргізушілерге такси парктерінсіз «Яндекспен» тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
- «Яндекс» бағдарламалық жасақтамасын егжей-тегжейлі зерделеу үшін тәуелсіз аудиторлық Ақпараттық технологиялар саласындағы компания кұрылады. Агенттікпен бірлесіп және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен алгоритмдік баға белгілеу аудитін жүргізуді жоспарлап отыр. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы бойынша бұзушылық белгілері анықталған кезде, Агенттік жедел ден қою шараларын қолданатын болады.
Такси қызметтерін ұсыну саласында отандық компанияларға қолдау көрсетілмек
Осы саладағы отандық компанияларға қолдау көрсетілмек. Ол үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейлі банктерден кредит алу бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланады.
Еске сала кетсек, Көлік министрлігі «Яндекс.Такси» комиссиясын төмендетіп, көліктерге рұқсат беру талаптарын қатаңдататынын хабарлады. Кейін арнайы компанияға қатысты арнайы тексеріс ұйымдастырылды.