Тоқаев Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға жасалынған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді
Жарияланды
Словакия премьер-министрі Роберт Фицоны әлдебіреу атыс қаруымен жаралады. Бұл жөнінде бірнеше басылым ақпарат жариялады. Ресми жиыннан шыққаннан кейін Робертке оқ атқан.
Күзетшілер премьер-министрді көлігімен алып кеткен. Күдікті көп ұзамай қолға түсті. Фицо ауыр халде жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді.
«Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді», – деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.