Мұнай-газ алпауыттары 240 млн долларға отандық тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алады

Жарияланды (жаңартылды )
Мұнай-газ
Мұнай-газ алпауыттарымен келісімшарттар құны – 240 млн доллар//t.me/Minenergokz

Астана қаласында ірі мұнай-газ жобалары бойынша жер қойнауын пайдаланушылар, отандық тауар өндірушілер және (жұмыс) қызмет түрлерін жеткізушілер арасында мұнай-газ жабдықтары мен тауарлары бойынша жалпы сомасы шамамен 240 млн доллар болатын келісімшарттарға қол қойылды. Жер қойнауын пайдаланушылар арасында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО), «Норт Каспиан Оперейтинг компани Н.В.» (НКОК), «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) бар.

Бұл шараға Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Е.Т. Жаңбыршин, Энергетика министрі А. М. Сәтқалиев, КПО, НКОК, ТШО кәсіпорындарының бірінші басшылары қатысты.

Құны 240 млн доллар болатын келісімшарт не береді?

Жаңа келісімшарт еліміздің әлеуетін артыруға ықпал етеді. Сонымен қатар Leser (Германия, қауіпсіздік клапандары), Beruseal (Оңтүстік Африка, жылдам босатылатын қысқыштар), John Crane (АҚШ, дымқыл тығыздағыштар, муфтылар және дымқыл тығыздағыштарды жөндеу жинақтары) компанияларымен жаңа өндірістерді (қауіпсіздік клапандары) еліміздің аумағында шоғырландыру жоспарлануда.

Осы бағыттағы бірлескен жұмыстар, оның ішінде нақты нысаналы көрсеткіштерді белгілей отырып, ірі мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту бағдарламаларын қайта қарау шаралары жалғасын табады.

5 жаңа өндіріс іске қосылды

2023 жылы жер қойнауын пайдаланушылар 6,7 трлн теңгеге тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алды. Оның 61%-ы немесе 4,1 трлн теңгесі отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілерге тиесілі.

2022-2023 жылдары WIKA (Германия) (манометрлер, мембраналық орта бөлгіштер, электрлік кедергі термометрлері және термопаралар), Honeywell (АҚШ) (газ детекторларын өндіретін «Borkit Safety» ЖШС мен шкафтар, жарылыстан қорғалған орындауды басқару жүйелерін шығаратын «Orbis Group» ЖШС-мен бірлесіп), PetrolValves (Италия) (бекіту арматурасы (клапандар) және Sigma Solutions (жарылыстан қорғалған орындаудың электр тарату қораптары) сияқты бірегей тауар өндірушілерімен бірлесіп 5 жаңа өндіріс іске қосылды. Бұл жөнінде министрлік ақпарат таратқан.

Энергетика министрлігі ұсынған мәліметтер:

  • Мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық қамту үлесі оң динамика көрсетіп отыр, өсім соңғы 5 жылда 16%-ды құрады.
  • Осы саласындағы барлық сатып алудың 70%-ы ТШО, ҚПО, НКОК компанияларына (қазақстандық қамтудың үлесі тауарларда – 12%, жұмыстарда – 71% және көрсетілетін қызметтерде – 57%)  тиесілі.
  • Басым оқшаулау үшін Мұнай-газ машина жасау халықарадық орталығы ұзақ мерзімді перспективада ТШО, ҚПО, НКОК қажеттіліктерінің 60%-ын құрайтын 12 тауар топтарын анықтады. Оқшаулау әлеуеті ~$500-600 млн бағаланады.
  • Жыл соңына дейін ТШО, ҚПО және НКОК компанияларының жергілікті қамтуын дамыту бағдарламалары қайта қаралады.
  • Министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың отандық тауар өндірушілерден тауарларды ден қоя отырып бір көзден алу әдісімен (бір ғана өндіруші болған жағдайда) немесе конкурстық (екі және одан да көп өндіруші болған жағдайда) әдіспен сатып алу қағидаларын өзгертеді.
  • Бүгінгі таңда энергетика саласында жер қойнауын пайдалануға арналған 276 келісімшартта (келісімшарттардың жалпы саны – 333) тауарлардағы (жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі) жергілікті қамту бойынша міндеттемелер бекітілген. Жұмыс жалғасуда.
  • Маңғыстау облысындағы «Қаламқас/Хазар» жобасын іске асыру кезінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыс істейтін  бұрғылау қондырғыларының модульдерін салу үшін отандық верфьтер іске қосылмақ. Бұл шамамен 2,0 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
  • Жаңа өндіріске (манометрлер, мембраналық орта ажыратқыштары, электрлік кедергі термометрлері және термопаралар, газ детекторлары, жарылыстан қорғалған басқару жүйесінің шкафтары, тиекті арматуралар (клапандар), жарылыстан қорғалған электр тарату қораптары, сақтандырғыш клапандар, дымқыл тығыздағыштардың, муфталар және дымқыл тығыздағыштарды жөндеуге жинақтардың, тез ағылатын қысқыштардың өндірісі) 320 жұмыс орнын қамтамасыз ете отырып салынған инвестициялар көлемі 35 млн долларды құрайды
Сондай-ақ оқыңыз