Жаңалықтар

Disney+ маркетингке жұмсалатын шығынын қысқартуды жоспарлап отырғандықтан Disney акцияларының бағасы 2,5%-ға төмендеді

Walt Disney акциялары 2,5%-ға арзандады. / Фото: Unsplash/Adrián Valverde

The Walt Disney компаниясының бас директоры Боб Айгердің компания Disney+ ағындық қызметінің маркетингтік шығынын азайтуға тырысады деген мәлімдемесінен кейін 15 мамырда Walt Disney акциялары 2,5%-ға арзандады.

Толығырақ

Moffettnathanson ұйымдастырған медиа инвестициялары жөніндегі конференцияда Айгер Disney+ ағындық қызметіне жұмсалатын маркетингтік шығынның «тым жоғары» екенін айтты. Сондықтан компания қаржы жылының соңына дейін осы бизнесте пайда табу мақсатында оны қысқартуды көздейді деп хабарлайды Investing.com.

Айгер сонымен қатар студия ағындық қызметке арнап жаңа технологияға инвестиция салады деп мәлімдеді. Яғни Disney+ қолданушының платформаға деген «қызығушылығы кетіп қалуы» мүмкін деп қауіптенген жағдайда «пайдаланушыға жеке хабарлама жібере» алатын болады.

Жазылушының көбеюі несімен маңызды?

«Disney+ жазылушысының көбеюі соңғы бірнеше жыл бойы Disney-дің назарында болды», – деп жазады Investing.com. Компания шығынды барынша азайту үшін осы қадамға бармақшы. Боб Айгер болашақта тікелей тұтынушыға бағытталған ағындық қызмет екі таңбалы пайда табады деп санайды.

7 мамырда Walt Disney-дің бағалары өткен тоқсанның есебі жарияланғаннан кейін үш ай ішінде ең төменгі деңгейге бір-ақ түсті. Компанияның есебі жақсы болып, ал оның Disney+ флагмандық ағындық қызметі алғаш рет пайда әкелгенімен, жазылушы саны болжам үдесінен шықпай, жаппай сатуға апарып соқты. Өткен тоқсанның аяғында Disney+ жазылушысының саны (Үндістандағы Disney+ Hotstar платформасының жазылушыларын қоса алғанда) 153,6 миллионға жетті. Ал сарапшылар бір тоқсан ішінде, орта есеппен, 154,5 миллионға дейін жетеді деп күткен болатын.

Акцияның жайы

Сәрсенбідегі саудада Walt Disney қағаздары 2,5%-ға арзандап, бағасы 102,77 доллар болды. Жыл басынан бері Disney бағалары, шамамен, 14% – ға, ал соңғы 12 айда 10%-ға өсті. Жылдық максимумға 4 ақпанда, шамамен 123 долларға дейін көтерілген кезде, жетті. FactSet мәліметі бойынша, компания акциясының орташа мақсатты бағасы – бір қағаз үшін 125,57 доллар. Бұл 15 мамырдағы негізгі сауда сессиясының жабылуы кезіндегі бағадан 22,2%-ға жоғары. FactSet сауалнамасына қатысқан сарапшылардың көбі (32-нің 24-і) Disney акцияларын сатып алуға шақырады. Алты сарапшы студия акцияларын ұстап отыруға, ал екеуі сатуға кеңес береді. к