Әсет Ерғалиев Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалды
Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ерғалиев Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – деп жазды Ақорда.
Ерғалиев осыған дейін «Бәйтерек «ҰБХ» төрағасы, премьер-министр кеңесшісі, ұлттық экономика вице-министрі, ұлттық экономика министрі, президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болған.
Осыған дейін Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болған Жанар Сейдақметқызы Айтжан қызметінен босатылды.
Сонымен қатар 16 мамырда президент жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев лауазымды қызметінен босатылды. Ол өңірді 2021 жылдан бері басқарып келген