Қытайда алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтеді

Жарияланды
Тараптар кедергісіз сауда жолындағы елеулі қадамдарды атап өтті / Фото: Үкімет үйі

Қазақстаннан Қытайға жеткізілетін негізгі дақылдардың бірі – бидай. 2023 жылы Қытайға 592 мың тонна, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 220 мың тонна бидай экспортталды. Бұл көрсеткішті еселеп арттыруға мүмкіндік бар. Бұл туралы Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин мен ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Лю Гочжун 16 мамырда Астанада өткен екіжақты кездесу барысында айтты.

«Қытайлық бизнесмендерді Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және терең өңдеу, оның ішінде өндірістік кооперация қағидаттары бойынша бірлескен жобаларды ұйымдастыруға шақырамыз. Біз дәнді және майлы дақылдарды, ет, құс шаруашылығы, сүт және балық өнімдерін, бал, жемшөп және басқа да азық-түлік түрлерін экспорттауға дайынбыз», —  деді Серік Жұманғарин ҚХР делегациясына.

Кездесуде қазақстандық тарап ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша бірлескен кіші комитет құруды ұсынды. Бұл екі елдің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара іс-қимыл әлеуетін неғұрлым тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кіші комитет жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның ауыл шаруашылығы және көлік министрліктері, ҚТЖ, ҚХР Бас кеден басқармасы және Қытай темір жол әкімшілігі қызметкерлерінен тұратын бірлескен жұмыс тобын құру ұсынылды, ол туындаған мәселелерді жедел және дәйекті түрде шешетін болады.

2023 жылды 8 қарашада Қазақстанның Азық-түлік келісім шарт корпорациясы Қытайға 200 мың тонна астық жеткізу жөніндегі меморандумға қол қойған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз