Автонарық-2024: нарықтан тысқары қалу немесе өсудің жалғасуы?

Жарияланды (жаңартылды )

10 маусым күні Алматыда Қазақстан автомобиль индустриясындағы бірегей оқиға KURSIVAUTO 2024  форумы өтеді. 

Қазақстанның автомобиль нарығының барлық негізгі қатысушысын, сарапшыларды, салалық қауымдастық пен реттеуші органдардың өкілдерін біріктіретін бірегей салалық форум. Іс шара қазақстандағы автокөлік индустриясының жағдайын, оның даму келешегі мен жаңа сын-қатерлерін талқылауға және талдауға бағытталған.

Форумда:  

— Азамат Панбаев — Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің төрағасы;

—    Қайрат Еламанов, Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлары одағының президенті;

—    Дмитрий Ботанов, CEO Kolesa Group;

—    Бекнұр Несіпбаев, «Астана Моторс» ҚМК бас директоры және басқалар баяндама жасайды.

Форум барысында арнайы баяндама – автонарықтың қазіргі жағдайына жасалған тәуелсіз зерттеу таныстырылады. Сондай-ақ 2024 жылғы автонарықтың жағдайы мен келешегі – сатылым, экспорт, импорт, нарықтық трендтер, электрлік көліктер мен инфрақұрылымдағы, нарықтағы кадрлар, баға белгілеуге қатысты проблемалар талқыланады.  Қытайлық фактор мен оның нарыққа әсері де форумда талқыланатын басты тақырыптардың бірі болмақ. Сонымен қатар ұлттық автоөнеркәсіп – авто өндіріс пен құрамдас бөлшектердің қорытындысы мен келешегі, өндірушілерді реттеу және т.б мәселелер сөз болады.

Іс шараға форум сайтында тіркелуге болады

KURSIVAUTO 2024 – автомобиль өнеркәсібінің жетекші мамандарын біріктіретін бірегей платформа. Іс-шара тәжірибе алмасуға, жаңа білім алуға және Қазақстанның болашақ автомобиль нарығының қалыптасуына әсер етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз