Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шарт Консультативтік комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бүгінгі таңда бизнесмен өңірдегі тұрақтылықты ілгерілетуге өзінің жеке қайырымдылығы ретінде 24,5 млрд теңгеге жуық соманы Freedom Holding Corp. арқылы аударған. Оның 15 млрд теңгесі Орталық Азиядағы тұрақты дамуға бағытталған жобаларды қолдауға жіберіледі.
Кеше, 16 мамыр күні Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шарты Консультативтік комитетінің үшінші отырысы өтті. Оған Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Михаэла Фриберг-Строй ханым,Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова және Қазақстан мен Өзбекстанның ірі компанияларының топ-менеджерлері қатысты. БҰҰ Жаһандық шарты адам құқықтары, еңбек, қоршаған орта және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты төрт негізгі саланы қамтитын жалпы қабылданған он қағидатқа негізделген.
«Бұл қағидаттар мүшелерге неғұрлым инклюзивті және тұрақты жаһандық экономиканы құруға ықпал ету үшін өзінің стратегиялары мен операцияларын кеңірек әлеуметтік мақсаттармен сәйкестендіруге көмектеседі. Осы қағидаттарды ұстана отырып, компаниялар адами қадір-қасиеттің нығаюына, әлеуметтік прогреске және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосады, сондай-ақ бизнестің ашық және этикалық тәжірибесін дамытуға ықпал етеді», – деп атап көрсетеді БҰҰ.
БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шарты Консультативтік комитетінің үшінші отырысында маңызды тағайындау жасалды. Комитет төрағалығы Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметовадан Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турловқа өтті.
«Тұрақты даму бастамасына қатысу, соның ішінде біздің корпоративтік дамуымызда да нақты басымдықтарды белгілеу үшін маңызды сәт. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары біздің жеке түсінігімізбен, Қазақстан Президенті мен Үкіметі жеткізген жолдаулармен қатты үйлеседі. Қазір Қазақстанның БҰҰ Жаһандық шарты клубы аясында Орталық Азия өңіріндегі бизнесті біріктіретін көшбасшылардың біріне айналу мүмкіндігіне ие болғанына қуаныштымыз. Бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы Жаһандық шартқа қатысушы компаниялардың саны 55-тен 112-ге дейін өсті», – деді Тимур Турлов «Курсивке».
Сонымен қатар Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов өз сөзінде елдегі көктемгі су тасқынымен байланысты қайғылы жағдайларға тоқталып өтті. Турловтың айтуынша, бұл қазақ қоғамының табиғи құбылыстар алында әлсіз екенін көрсетті.
«Оқиғалар осындай сын-қатерлерге ұжымдық жауап беруді әзірлеу қажет екенін көрсетті. Елдің жеке секторы, соның ішінде Freedom Holding Corp. су тасқынынан зардап шеккендердің ауыртпалығын жеңілдету үшін 200 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Жеке сектордың да, мемлекеттік сектордың да жаһандық сын-қатерлерге жауап ретінде күш біріктіруге дайындығы біздің қоғамның бейімделуі мен тұрақтылығы үшін маңызды болып шықты. БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шартының Консультативтік комитетінің мақсаты да осы. Өткен жылы комитетке тұрақты мүше болып кірдім. Бүгін оның төрағасы болып жатырмын. Менің тәжірибем мен адалдығым ортақ мүдделер, мақсаттарға біріккен адамдар қауымдастығы ретінде бізге пайдалы болады деп үміттенемін»,– деп атап өтті бизнесмен.
БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шарты Консультативтік комитетінің мүшелері Орталық Азияда су тапшылығы, ауаның ластануы, климаттың өзгеруі және заманауи инфрақұрылымның болмауы сияқты тұрақты даму мәселелерінің өзекті болып отырғанын атап өтті.
«Өңір бетпе-бет келіп отырған тәуекелдер мен осалдықтардың өсуі, олармен күресу үшін бөлінген ресурстарды пропорционалды арттыруды талап етеді. Тек соңғы екі жылдың өзінде біздің холдинг ТДМ-ға қол жеткізуге бағытталған жобаларға 15 миллиард теңге бөлді, ал Қазақстан өңірлерінің инфрақұрылымын жаңғыртуға, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына, , спортты насихаттау және азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыратын басқа да көптеген маңызды нәрселеге 24 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді. Қажетті ресурстарды жұмылдыруға қабілетті екенімізге сенімдімін»,– деп түйіндеді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры.
Еске сала кетер болсақ, өткен жылдың қыркүйегінде Тимур Турлов БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шарты Консультативтік кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде шақырылған болатын.