«Бәйтерек» холдингі фермерлердің көктемгі егіс және күзгі жиын-терімін 100 млрд теңгеге қаржыландырды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фермерлерге 100 млрд теңге бөлінді. Фото: kursiv.media, бильд-редакторы Ахтам Зиперов

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі фермерлерді қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлген. 2024 жылы холдинг агроөнеркәсіптік кешен жобаларына 300 млрд теңге бөлуді жоспарлаған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Фермерлерді қаржыландыру үшін холдинг Қазақстан қор биржасы алаңында облигациялар сатып алған. Фермерлердің көктемгі егіс және егін жинау жұмысын уақтылы қаржыландыру мақсатында «Аграрлық кредиттік корпорацияның» еншілес ұйымдарына бөлінген.

«АӨК жобаларын нарықтық қаражат есебінен егіс жұмыстарына жоспарланатын қаржыландырудың жалпы көлемі 2024 жылы 300 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ескере отырып, АӨК субъектілері жеңілдікті қаржыландыруды алады», – делінген хабарламада.

Бұл қаржы жалпы көлемі 4,0 млн гектар егіс алқабындағы жұмыстарды қаржыландыруға жетеді.

Былтыр холдинг ауыл шаруашылығы саласындағы үш компанияның акцияларын иеленген болатын.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» – Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайтуды қолдайтын, оны дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ұлттық институт. Холдинг 2013 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен құрылды. Оның жалғыз акционері – Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитет

Сәуір айында «Бәйтерек» холдингі 7,6 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысын қаржыландыратыны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз